АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАМЫСТАН ЦЕЛЛЮЛОЗА АЛДЫ

Абай облысының мектебінде оқушы қамыс өсімдігін шикізат ретінде қарастырып жүр. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Мұқағали Нұрлыбекұлы су өсімдігі қамыстан құнды өнімдер алу тәсілін ұсынады.

 

«Қазіргі уақытта қамыс өсімдігі көп қолданылмайды. Қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен қолданған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған», – дейді оқушы.

Жетекшісімен бірге натрон әдісімен қамыс өсімдігінің сабағынан целлюлоза алған. Ол үшін камыс құрылымын зерттеп, тәжірибе жасап көрген. Қамысты кесіп, жуып алған соң, оны қайнатқан. Түзілген қоспаны сүзгіде сүзіп, сумен жуып және ұсақтатқан. Сондай-ақ жас өнертапқыш қамыстан алынған целлюлозның механикалық қасиеттері бойынша ағаш целлюлозасынан жасалған қағазданкем түспейтінін көрсеткен.

Мұқағали қамыстан пульпекартон алып, одан жұмыртқа салатын лоток жасады. Қамыс сабағынан алынған целлюлозаны мектеп зертханасында пульперкартон алу үшін сынақтан өткізді. Жұмыртқа салатын қорапшаның матрицасы 3D модельдеу арқылы робототехника зертханасында жасалды. Алынған модельге кептірілген целлюлозаны тағы да ұсақтап, крахмал ертіндісін қосып, қалыпқа құйып және кептірді. Нәтижесінде пульпекартон алды.

Пульпекартонды жидектер мен жемістерге арналған науалар (лотки), жұмыртқа салатын лотоктар, кофе құйылған стакан ұстағыштары үшін және басқа да салада қолдануға болады дейді Мұқағали.

Оқушы осы жобаны ары қарай жалғастырып, тағы да мүмкіндіктерін зерттеп көрмек.

Жетекшісі Айдос Сайлаубеков.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий