Іс-әрекеттегі зерттеу дәлелді деректер негізінде зерттеу сұрағына келу

Мұғалімді ұстазға, оқушыны шәкіртке айналдыру – білім саласын реттеудің төте жолы! Яғни «мұғалім тек сабақ беруші» деген ескі көзқарас бүгінгі білім тенденциясына сай емес ұғым. Бүгінгі күні біз  мұғалім – ол, зерттеу тәжірибесі арқылы рефлексиялық оқытуды дамытуға, сабақты жоспарлау мен бағалауда кәсіби құзыреттіліктерді арттыруға, заманауи педагогикалық құралдарды көбейтуге, «Lesson study» және «Action Research» жүргізуде, үздіксіз кәсіби ізденіс пен даму үстіндегі нағыз маман, деген жаңаша көзқарас қалыптастырудамыз.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, әрдайым ізденістен өзгеріске дайын болуы, зерттеуге шынайы өз үлесін қосумыздың қажеттілігі «SHARE» халықаралық жобасына келуге түрткі  болды. «SHARE» халықаралық жобасы, мектебімізде  2019 жылдан бері жұмыс жасайды. Аталған жобаға қараша  айынан бастап пән мұғалімдері және еріктілер тобы легімен қосылды. Жобаны бастауымыздың өзектілігі мектеп миссиясы мен мақсатына жұмыс жасаудағы кедергілер мен жетістіктерді саралау.

Осы тұрғыдан мектеп сапасына әсер етіп тұрған өзекті мәселе анықталды. Яғни, бастауыш сыныптан орта буынға көшкен сыныптың бейімделуі  және сыныптың төмен сапа көрсетуі зерттеудің фокусын анықтады.  «Бірге жиналу – бұл бастама, Бірге қалу – бұл алға жылжу, Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік», – деп Генри Форд атап өткендей төмен білім сапасын көрсеткен сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне ой туғызып,  осы жобаға  ерікті түрде қосылуға себеп болды.  

Білім алушылардың бастауыштан орта буынға ауысып келудегі бейімделу проблемасы және зерттеу нысанының  білім сапасының төмендігі басты назарға ілінді. Іс-әрекеттегі зерттеудің «Нені зерттейміз? Не үшін зерттейміз? Қалай зерттейміз» сұрақтарын негізге ала отырып зерттеуді бастадық. Бірақ, білім сапасы-жиынтық көрсеткіш болғандықтан, зерттеу аясын нақтылау мәселесі туды. Сабақ беретін сыныптың  бірінде  қоғамдық пәндер бойынша білім сапасы төмен болуы әсер етті.

Мәселенің негізгі себебін іздеу үшін зерттеу сұрағын зерттеу нысаныңдағы мәселеге бағыттадық. («Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе» Dr Elaine Wilson & professor Aizhana Abibulayeva. 1-т., 43-57б.). Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар анықталып, нысанға алған сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында жоспар құрылады.

Зерттеудің сапасы зерттеу сұрағының дұрыстығына тікелей байланысты. Зерттеу нысанындағы пән мұғалімдеріне Lesson study тренерлері мен супервайзерлер бірлескен семинар-тренинг өткізді. Фокус топ «workshopтан» алған білімдерін, үйренген стратегияларын қолданып, белсенді жұмыс жүргізу барысында құнды ақпараттар алдық.

Мәселені айқындау. Мәселені  айқындап болғаннан кейін зерттеу сұрағы оқушылардың нәтижелеріне, мектептегі ахуал мен мектеп мәдениетіне, оқу үдерісіне қатысты болуы керек. Фокус  тобымен ақылдаса келе тақырыпқа қатысты теориялық әдістемелік әдебиетке шолу жасауды қолға алдық. Зерттеумен айналысып жүрген адамдардың зерттеу нәтижелерімен танысып, өзге де зерттеу әдебиеттерін  оқу арқылы қаралып отырған мәселеге қатысты басты идеялар алынды.

Жоғарыда айтылғандай, зерттеу сұрағына білім сапасын алу жиынтық көрсеткіш ретінде бізге нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейтіндіктен, зерттеу сұрағын оқушы жетістігіне бағыттауды жөн көрдік. Деректер жинау. Жинақталған деректер негізінде нысанда не болып жатқанын анықтауға мүмкіндік беріп, зерттеуге негіз болатын дерек жинау тәсілі таңдалды. Іс-әрекетті зерттеу барысында 2019-2024 жылдар аралығында деректерді жинауда сауалнама, «АВС» сұхбаты, десктоп жинақтау, «даму баспалдағы», «Эйзенхауэр матрицасы», сыртқы бақылау, бақылау хаттамасы әдістері қолданылды.

Зерттеушілер мен еріктілер зерттеу сұрағына жауап беретін деректерді жинау үшін бос уақыттарында зерттеу нысанының сабақтарына, сонымен қатар Lesson study сабақтарына да кіре бастады. Бақылаушылар парақтары зерттеу сұрағына шығуға мақсатты құрылмағандықтан, маңызды дерек бермеді. Әр түрлі себептерге байланысты бұл сыныптың жекелеген оқушылары берілген мәтінді буынға бөліп оқитын дәрежеде болуы, өз түсініктерін еркін жеткізе алмауы, өз көзқарасын дәлелдей алмауы білім сапасына кері әсерін тигізді.

Осы анықталған жағдайға байланысты  сыныпты зерттеу нысанына алып, жағдайды түзетуге бағытталған Action research және  Lesson study қолға алуды өзара дұрыс шешім деп тауып және бұл процеске «SHARE»  зерттеу тобының мұғалімдері де тартылды. Оқушылардың сабақ процесіндегі кемшіліктерін жою мақсатында олардың «айтылым» дағдысын дамыту бойынша жұмыстар жасалынды. Фокус топ жинақталған деректермен танысып, кейбір оқушылардың оқуға деген қызығушылығының төмендігінің себебіне  көз жеткізу үшін мектеп  психологымен бірлесіп, қосымша зерттеу жүргізілді.

Нәтижесінде оқушылардың оқуға ынтасының төмен болуының себебі анықталды.  Оның себебі, зерттеу тақырыбымызды фокусқа бағыттай отырып «мұғалім үні» мен «оқушы үнін» тыңдау  арқылы негізгі мәселе айтылым дағдысының жоқтығы анықталды. Келесі кезеңде жиналған деректер негізіндегі мәселені шешуде зерттеу сұрағын анықтап алған соң, пән мұғалімдері фокус топпен бірлесе отырып тізбектелген сабақтардың жоспары құрылды, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Этикалық нормаларды сақтай отырып сыныптан тыс «кинотайм», «квест», спорттық жарыстар мен қолөнер бойынша қышпен жұмыс жасау жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеу сыныбымен өткен әр іс шара айтылым дағдысына бағытталды. Cыныпты зерттеу нысанына алып, жағдайды түзетуге бағытталған  Lesson study жұмыстары үздіксіз жүргізілді.  Оқушылардың сабақ процесіндегі кемшіліктерін жою мақсатында олардың «Айтылым» дағдысын дамыту бойынша пән мұғалімдерімен бірлескен зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қорытындылай келе, Аction Reseach және lesson study тәсілдері мұғалімдердің зерттеу дағдыларын қалыптастырып, мектептердің кәсіби қоғамдастығында зерттеу мәдениетін қалыптастырып, “оқушы үнін” тыңдай білуге, “сыншы досты” анықтай алу, оқыту мен оқуды жақсартуда бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек те болады.

Мадина Сатбековна ИСИНА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің
тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий