Ғылым мен білім саласындағы заманауи тенденциялар байланысы

Бұл мақалада қазіргі замандағы ғылым мен техника бір-бірімен тығыз байланысының арқасындағы технологияның жылдам дамып үнемі өзгеріп отыратындығынан қоғамға бейімделуде мұның бәрі орта білімге әсеріндегі қажетті  дағдыларды игерудің жолдарын қарастырамыз. Өйткені бұл дағдылармен бірге білімді тиімді түрде игеру және жеткізу, тасымалдау үшін қолайлы оқу ортасын құру заман сұранысы.

Жиырма бірінші ғасырдағы білім алушыларға қажетті білім, дағдылар, тәсілдер мен құндылықтарды айқындайтын білім беру мазмұнын жетілдіруге бағытталған орта білім беру жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру өзектілік болып табылады. Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі кешенді шаралар іске асыруда, Біріккен Ұлттар Ұйымының «2030 жылға дейінгі Орнықты даму» мақсаттарына қол жеткізу, оның ішінде жалпыға бірдей қамту және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу мемлекетіміздің басты тенденциясы болып табылады.

Қазіргі уақытта “тренд”немесе «тенденция» ұғымы – барлық салаға қатысты термин. Тренд – /ARENA ТЕНДЕНЦИЯ/ – белгілі бір өзгерістердің негізгі тенденциясы. Кез-келген саладағы өзгерістердің ауқымды таралуын сипаттайды. Күнделікті өмірде  жаһандық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени саласындағы тенденциялар туралы  жиі естиміз. Осы тенденциялар қаншалықты орта білім беру жүйесіне әсер етті, қандай өзгерістер болды, болашақта қандай дағдыларды игеруіміз керек деген ой туындауы тиіс?

Қазіргі зерттемелерде заманауи білім беру жүйесінің даму тенденцияларының арасында ерекше атап өтеді, оларға: үздіксіздік — өмір бойы үздіксіз білім беру процесіне, бар білімді тереңдету және қайта қарау мүмкіндігін ашу. Әмбебап дағдылар — бұл тиісті қайта даярлаудан өткеннен кейін өзінің біліктілігі мен профильді қызмет саласын өзгерте алатын әмбебап білімі мен дағдысы бар маман болу. Біртұтастық — оқу бір уақытта бірнеше білім саласын пайдалана отырып, берілген мәселені шешу арқылы жүзеге асырылатын оқытылатын пәндер арасындағы байланысты нығайту.

Дербестену — білім алушының жеке ерекшеліктерін ашып, дамытуға бағытталуы. Компьютерлендіру — оқу үрдісінде заманауи компьютерлік және ақпараттық технологияларды пайдалану. Прагматизация — білім берудің қоғам өмірінің тиісті салаларына бағытталған бағыты. Ашықтық — білім берудің мақсаттарын тек мемлекеттік қажеттілікпен ғана емес, сонымен бірге қоғамның өзінің өзгермелі қажеттіліктерімен анықтау. Көп деңгейлі білім беру — белгілі бір деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін көп сатылы оқу процесі.

Сондай-ақ, орта білім берудегі тенденциялар оқыту мен оқыту әдістеріне қандай пайда әкелгенін жіктесек (әлемдік жіктемелер бойынша): онлайн оқыту; қашықтан оқыту; аралас оқыту; әлеуметтік – эмоционалды оқыту (SEL); үйде оқыту; мобильді оқыту (m-Learning); жеке оқыту; геймификация; қадамдық оқыту (микрооқыту) және тағы да басқалар. Бұл, әлемдік бұл жіктемелер, біздің білім беру жүйемізде барлығы жүзеге асырылуда және де болашақта әліде жалғасын табады деп ойлаймыз.

Мәселен, осы жіктемелердің кейбіреуіне тоқталсақ,  білім берудегі алғашқы тренд онлайн оқыту болып табылады. Бұл жүйеге көшу бүкіл әлем бойынша COVID-19 кезеңінен бастау алды. Көптеген дәстүрлі сабақтар онлайн сабақтарға айналады. Онлайн оқыту білім беру сапасын сақтаудың және қамтамасыз етудің ең тиімді жолы болып саналды. Екінші тренд бұл – сабақта сандық ресурс құрылғылары мен платформаларды, сайттарды қолдана отырып үнемі өзгеріп отыратын әлеммен біріге ілесуге көмектесетін тамаша әдіс болып табылуда.

Келесі тренд – бұл, жобаға бағытталған оқыту (PBL) –  жаңа дәуір дағдыларын дамытудың тиімді оқыту әдісі. Бұл тәсіл оқушының шығармашылығын, сұрақ қою, талдауын дамыта отырып, оқушының сыни тұрғыда ойлау, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіреді. Жобаға бағытталған оқытудың басты басымдылығы: өзекті  проблема немесе жоба; топтық жұмыс және сыни  бағалау. Жобаға бағытталған оқыту оқушылардың шынайы проблемаларды өз бетінше шешуге,  бірлесіп жұмыс жасауға, қоғам сұранысын қамтамассыз етуде өзіне зор мүмкіндік беруге бағытталған жүйе.

Келесі тренд – бұл геймификация әдісі, қатысуды ынталандыру, ынталандыру, оқыту және әртүрлі тапсырмаларды шешу мақсатында ойын дизайны элементтерін, механика мен принциптерді ойын емес контексттерде қолдану. Ол интерактивті, тартымды және кейде бәсекеге қабілетті ортаны құру арқылы адамдарды тарту және белгілі бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Олай болса, орта білім беру жүйесіндегі ғылым мен білім саласындағы заманауи тенденциялар байланысы, педагог қауымының ойлауына өзгерістер мен жаңалықтар идеяларының туындауына мүмкіндік береді.

Өйткені, білімнің сапалы болуы сананың өзгеруіне байланысты. Сана өзгермей әдіс өзгермейді, сондықтан, өзгенің тәжірибесін көшірмей, өзіндік іс-әрекет етіп, ортаға икемделу, нәтижеге қол жеткізу ең басты жауапкершілік. Қазіргі тенденция әр мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы, бұл әр педагогтың ғылым мен білімнің жаңалығын түрлендіруі болып табылады.

Айгуль Кыдырбаевна КАПЛИЕВА,
“Ақтөбе-Өрлеу” кәсіби даму институты,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий