Тұлғаны қалыптастыру: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр.

Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінің оқыту сапасын көтерудің басты шарты ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру алынған жағдайда олар әрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымына, интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет. Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесуі, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.

Функционалдық сауаттылық – оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым – қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Функционалдық сауаттылықтың бірнеше түрлері бар.

Бәрімізге белгілі, оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «жаратылыстану сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «оқу сауаттылығы». Математикалық сауаттылық (МС) – жеке тұлғаның математиканы әртүрлі контексттерде тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілеті.

Ол математикалық пайымдауды, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, процедураларды, фактілерді және құралдарды пайдалануды қамтиды. Адамдарға математиканың әлемдегі рөлін түсінуге, негізделген пайымдаулар жасауға және сындарлы, белсенді және рефлексивті азаматтар қабылдауы керек шешімдер ұсынуға көмектеседі. Жақсы мұғалім оқушылардың оқу және проблемаларды шешу қабілетін дамытады.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмысын жүргізуіміз керек: сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту.

Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту; математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету; оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – оқу тәрбие процесіне ықпал етудегі өмір талабы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, олардың танымдық қабілеттері мен өзіндік іс – әрекеттерді дамыту педагог, психолог, әдіскерлер және мұғалімдердің міндеті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – мәселені шешуде, оқу сапасының артуына, технологияларды ұтымды қолдануға көмек беретін негіз болып табылады. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет.

Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Ал ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Ендеше, өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Кәмшат КӘКЕЖАНОВА,
Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 

математика пәні мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий