I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының біріне стандарттық шегерімдердің (ЖТС босатылатын табыс) қолданылу тәртібі

ҚР Салық кодексінің 322-б. 2-т. сәйкес салық салуға жататын табыс – жұмыскердің еңбек шарты негізінде еңбек қатынастары барысында жұмыс берушіден алатын табысы (есептелген жалақысы) болып табылады.

Маңызды!

Жалпы жұмыскердің табысынан (есептелген жалақысы) ЖТС ұстау үшін ҚР Салық кодексінде көзделген бірқатар стандартты шегерімдер қарастырылған.

ҚР Салық кодексінің 346-б. 1-т. 2) және 3) тармақшаларына сәйкес:

– I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлер;

– мүгедек бала;

– он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

– өмір бойына әрбір осындай адам үшін «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

– асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;

– жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылтын тұлғалар үшін стандартты шегерім күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшерін құрайды, яғни осы шама жеке табыс салығынан босатылады.

Аталған салықтық шегерімдер қолданбаған жағдайда, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттарды жұмыс берушіге ұсынуға құқылы, солардың негізінде ҚР Салық кодекснің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде табыстарға қайта есептеу жүргізеді.

Сондықтан міндетті түрде жұмыскер ЖТС ұстамау туралы күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшерінде стандартты шегерімді қолдану жөнінде өтініш жазу керек! Сондай-ақ ата-ананың екеуі бірдей мұндай шегерімді пайдалануға құқылы емес. Ал, ЖТС толық төленуі үшін жауаптылық жұмыс берушіге емес, жеке тұлғаға жүктеледі.

Жұмыскердің есептелген жалақысынан АЕК 882 еселенген мөлшерінде ЖТС ұсталмайды.

2024 жылғы қаңтардан АЕК 882 еселенген мөлшері күнтізбелік жылда 3692*882 = 3 256 344 теңгені, айына 3 256 344 /12=271 362 тг. құрайды.

Мысалы: Жұмыскердің есептелген жалақысы (бұдан әрі- ЕЖ) 475 087 теңге, егер жұмыскердің III топтағы мүгедектігі бар болса, көрсетілген жалақы көлемінен ЖТС ұсталынады ма?

Еске саламыз: ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабы 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады, сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 26-бабы 1-тармағы 12)-тармақшасына сәйкес барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеуден босатылады.

Есептейміз:

ЖТС = (ЕЖ – МЗЖ (ҚР СК 342-б. 1-т.) – ЕТЖ (ҚР СК 346-б,1-т. 1)-т.) – 882 АЕК) * 10%

1 айға ЖТС = (475 087 – 47 509 – 51 688 – 271 362)*10% = 104 528*10% = 10 453 тг.

*Желтоқсан айына 882 АЕК салықтық шегерімнің көлемі:

3 256 344 – (10 453*12) = 3 130 908 теңге.Сонымен, есептеулер негізінде келтірілген мысал бойынша жұмыскердің салық салынатын табыс көлемі – 3 130 908 тг. күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшері – 3 256 344 аспағандықтан, ЖТС ұсталынбайды.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий