Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

2024-2025 оқу жылы Биология кафедрасы үшін ерекше басталды. Себебі, Ғылым және жоғары білім министрлігі тапсырмасымен Абай университетіне әлемнің жетекші университеттерінен профессор-оқытушылар келіп, өз зерттеулерімен, тәжірибелерімен бөлісуде. Осы жоба негізінде Германияның (Ахен) Қолданбалы ғылымдар университетінен профессор Илья Диегль келген болатын.

Ол биология ғылымын зерттеудің заманауи әдістері, зертеу нәтижесінде алған деректерді визуализациялау және ұсыну, ғылыми жазудағы логика мен стиль секілді тақырыптарда 6B01513 – Биология, 6В05101 – Биология мамандықтарының білім алушыларына дәрістер оқыды. 7M01513 – Биология, 7М05101 – Биология мамандықтары үшін – EILSA, FRET, FRAP және онымен байланысты аналитикалық әдістер, биологиядағы бөлу әдістері, биоаналитикадағы суперрезолюциялық микроскопия, спектроскопиялық әдістердің биофизикалық негіздері тақырыбындағы дәрістер әрі қызықты, әрі құнды болды.

Жоба негізінде 8D01513 – Биология, 8D05101 – Биология мамандықтарындағы докторанттар өз зерттеулері бойынша әдістемелік көмек алу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, «Биология» кафедрасының жас оқытушыларына да шетелдік ғалым шеберлік сыныптарын өткізді. Илья Дигельдің «Ұлы өтірікші: біздің миымыз перцептивті манипуляцияның объектісі және субъектісі ретінде» атты ашық дәріс сабағы тыңдаушылар мән бермеген құбылыстар жайында ой салды. Ендеше, министрліктің бұл жобасы сәтті іске асып жатқандығы күмәнсіз. Бұл тәжірибе үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Абай университетіне және профессор Илья Дигельге алығысымызды білдіреміз!

Абай университетінің биология кафедрасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий