Электрондық оқулықтар – тиімді оқу процесін құрудың заманауи тәсілі

Цифрландыру біздің өмірімізге берік енді. Бүгінгі таңда әртүрлі кәсіби және тұрмыстық мәселелерді шешу үшін күнделікті өмірде электрондық үкімет, банктік қосымшалар, интернет сияқты электрондық құрылғылар мен бағдарламаларды қолданбайтын адам кемде-кем. Бұл ыңғайлы, жылдам және тиімді.

Осыған байланысты Қазақстан уақытпен қатар жүріп келеді: цифрлық технологиялар мен жаһандық желі біздің өмірімізді жақсартады. Бұл білім беру саласына да қатысты. Заманауи оқу процесін қазірдің өзінде компьютерсіз елестету мүмкін емес, ал интербелсенді тақталар мен проекторлар оқытуды сан алуан етеді, сондай-ақ оған мультимедиалық мәтін элементтерін енгізу сабақты одан әрі түрлендіруге жағдай тудырады.

Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа технологияларды пайдалануға негізделген заманауи білім беру жүйесін енгізу жолында, өз бетінше оқуға уақыт бөлуді көздейді, сондай-ақ қосымша құрал ретінде электрондық оқулықты ұсынады.

Технология кез келген салада қолданылатын сапалы білімі, білігі мен дағдылары бар болашақ ұрпақты қалыптастырудың негізін қалайтын тиімді білім беру жүйесін құруда шешуші рөл атқарады.

Цифрлық білім беру бағдарламалары мен онлайн білім беру бүкіл әлемде өте танымал. Қазақстандықтар олармен, мысалы, тілдік курстар, екінші жоғары білім беру немесе біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша таныс. Білім берудегі цифрландыру оқушыға көбірек мүмкіндіктер береді. Үйден шықпастан, сапарда немесе саяхатта оқуға болады. Мысалы, балада мектепке бару үшін шектеулер болса, ол электрондық оқулықтарды қолдана отырып, өз қатарымен тең дәрежеде қашықтан толықтай білім ала алады.

Сондай-ақ онлайн білім беру – бұл кез келген жағдайға бейімделетін өте икемді өнім. Заманауи цифрлық технологиялар оқушыларға оқу процесін жеңілдетіп, әртүрлі мультимедиалық мазмұнды материалды және сабақ кестесін таңдап оқуға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды, үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік береді және цифрлық ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

Білім беруді цифрландыру жолындағы маңызды қадам қағаз оқулықтарды электрондық форматқа көшіру және цифрлық оқу ортасын құру болды. “Мектеп” баспасы бұл бағытта 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Біз білім беруді цифрландырудағы үздік әлемдік тәжірибені зерделедік, цифрлық платформаларды әзірлеу саласындағы жетекші IT-компаниялармен ынтымақтастықта жұмыс жасаудамыз, біздің қызметкерлер халықаралық компанияларда электрондық білім беру өнімдерін жасау саласында оқытудан және тағылымдамадан өтті.

Біздің жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азиядағы ең ірі Оqulyqtar цифрлық білім беру платформасы болып табылады, ол барлық пәндер мен сыныптар бойынша заманауи электрондық оқулықтарды ұсынады және еліміздің кез келген мектебінде толыққанды оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті құралдарды ұсынады.

Oqulyqtar-дағы барлық оқу материалдарын өз саласының мамандары – оқулық авторлары мен редакторлар жасаған. Электрондық оқулықтармен жұмыс Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау орталығының мамандарымен тығыз байланыста жүргізіледі, оқулықтарды сараптама комиссиясы оқу процесінде пайдалануға жібереді, олар мемлекеттік оқу бағдарламасына, Оқу-ағарту министрлігінің және басқа да бейіндік құрылымдардың талаптарына, стандарттары мен нормативтеріне сәйкес келеді.

Oqulyqtar кез келген электрондық құрылғыларда: үстел компьютерлері, ноутбуктер, планшеттер және смартфондар, жүйеге немесе құрылғы моделіне қарамастан жұмыс істейді. Oqulyqtar кез келген уақытта, әлемнің кез келген жерінде қолжетімді.

Платформа интерфейсі үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді, бұл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оқу-ағарту министрлігі басшылығы айтқан үш тілді білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді. Министрлік бұл идеяны белсенді қолдайды, осы шешімді іске асыру мүмкіндіктерін зерттейді және жаңа технологиялардың отандық білім беру жүйесіне интеграциялануына барынша ықпал етеді.

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерге арналған оқулықтардан басқа, Оqulyqtar платформасында ұлттық тілде оқытатын мектептерге, мысалы, ұйғыр мектептеріне арналған оқу жинақтары бар. Бұл тілдерді оқытудың икемді және тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді және бүкіл Қазақстан балалары үшін оқу процесін ыңғайлы етеді.

Қазіргі заманғы электрондық оқулық – бұл теориялық материалды (мәтіндер, сызбалар, диаграммалар, кестелер), практикалық интербелсенді тапсырмаларды (сұрақтар, тестілер, эссе жазу және т.б.), сондай-ақ анимациялық кескіндер мен лингафондық жазбалардан бастап бейнефильмдер мен музыкалық композицияларға дейінгі интеграцияланған мультимедиалық материалдардың кең спектрін қамтитын интербелсенді онлайн оқу ортасы.

Электрондық оқулықтар функционалдық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді, оқушылардың ақпаратты өз бетінше іздеу және оны жинақтау дағдыларын, сондай-ақ логика мен аналитикалық қабілеттерін дамытады.

Электрондық оқулықтар мұғалімдер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, оқытудың дәстүрлі әдістерін толықтырады. Ақпарат берудің әртүрлі тәсілдері арқылы материалды тезірек және оңай қабылдауға көмектеседі: мультимедиалық мүмкіндіктер, индуктивті тәсіл, есту және эмоционалды есте сақтау қабілеті және т.б.

Электрондық оқулықтар – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті мектептер мен оқу орындарында оқу процесін құрудағы тамаша көмекшілер. Енді әр балаға оқу материалын бірдей қабылдау: оқулықтарға, мысалы, сабақтағы аудиожазбаларды, бейнедәрістер мен табиғат құбылыстарын, тәжірибелерді немесе математикалық есептерді бейнелейтін бейнероликтерді енгізу арқылы қолжетімді.

Оқу процесінде электрондық оқулықтарды қолдану пәннің мәніне назар аударуға, көптеген мысалды зерттеуге және практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтарды жасауда қолданылатын технологиялар авторлардың, әдіскерлердің және редакторлардың өзін-өзі тексеруге арналған тапсырма форматтарын таңдаудағы мүмкіндіктерін шексіз етеді. Бұл мәтінмен және математикалық формулалармен жұмыс, логика мен функционалдық сауаттылыққа арналған есептер, түрлі тест нұсқалары, тілдік лингафондық практикум, тіпті электрондық оқулықтағы параграф ішінде тікелей эссе және мазмұндама жазу. Ең бастысы көпшілік тапсырмаларда автоматты тексеру бар.

Мультимедиалық мазмұн тақырыпты зерттеуді жан-жақты және қызықты етеді. Электрондық оқулықта біріктірілген аудиожазбалар мен бейнежазбалар оқушыға қазақ және әлемдік мәдениеттің, тарихтың, бірегей табиғи құбылыстардың немесе тарихи құжаттардың көпқырлылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 11-сыныпқа арналған “Қазақ әдебиеті” оқулығында оқушылар қазақ жазушылары мен ақындарының өмірі мен шығармашылығына арналған аудиожазбаларды тыңдауға, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің шығармалары мен өмірбаяндық даталарын білуге арналған интербелсенді тапсырмаларды орындауға, интербелсенді түсіндірмелер мен ұғымдарды, анықтамаларды, сөздіктер мен қосымша ақпараттарды алуға, сондай-ақ оқулық авторларының дәрістері мен бейнежазбаларын көруге мүмкіндік алады.

9-сыныпқа арналған “Химия” электрондық оқулығында оқушылар химиялық реакция процестерін бақылай алады. Бейнероликтерде зертханалық жұмыс егжей-тегжейлі көрсетілген, оның барысында оқушылар реакцияның өзін байқап қана қоймайды (металл иондары жалынды әртүрлі түстерге қалай бояйды, ерітіндінің түстері қалай өзгереді немесе тұнба қалай пайда болады), сонымен қатар лектордың осы тақырыптағы түсіндірмелерін тыңдай алады.

Электрондық оқулықтардың құрылымы басқа қосымшалармен интеграция жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Геометрия» оқулықтарында оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигураларды модельдеу үшін қолданылатын GeoGebra бағдарламасымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша геометрия сабағындағы сынып нақты конструкторлық немесе дизайнерлік бюроға айналады.

Oqulyqtar платформасы пайдаланушыларға бірыңғай оқу ортасындағы барлық цифрлық оқу материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз ететінін, оқу орындарына техникалық қолдау көрсететін, сондай-ақ оқушылардың үлгерімін жедел реттеуге және оқу процесін түзетуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Oqulyqtar цифрлық білім беру платформасы “Күнделік” жүйесімен интеграцияланған. Бұл Оqulyqtar пайдаланушысы жұмыс істеу үшін “Күнделік” жүйесінің есептік жазбасын пайдалана алатынын білдіреді.

Бізді таңдаған мектептердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Oqulyqtar электрондық оқулықтар кітапханасына жазылудың әртүрлі пакеттерін жасадық. Енді мектеп басшыларына жеке пәндер немесе оқу деңгейлері бойынша қосымша оқулықтарды іздеудің қажеті жоқ. Бүкіл кітапхана сіздің қолыңызда.

Негізгі пакеттерге бонус ретінде біз толық сабақ жоспарлары мен дидактикалық материалдар қоса ұсынылған электрондық әдістемелік нұсқаулықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Бұл – сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін ең қажетті өнімдерді жинайтын мұғалімнің әмбебап цифрлық кітапханасы.

Заманауи электрондық оқулықтар мектептерге, Оқу-ағарту министрлігіне (білім беру стратегиясы мен саясатын жасаушы ретінде) және оқу әдебиетін даярлайтын баспаларға заманауи цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізуге жағдай жасайды және оқу процесін мүмкіндігінше тиімді және икемді етеді.

Жыл сайын біз оқу материалдарымызды заманауи, соңғы әлемдік тенденцияларға бағдарлап отырамыз. Біз өмірдің барлық салаларында болашақ – даму мен жоғары технологияда екеніне сенеміз.

“Мектеп” баспасы және Oqulyqtar білім беру платформасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий