Қыздар педагогикалық университетіне – 80 жыл! Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім

Қыздар университеті – еліміздің жоғары оқу орындары арасында өзіндік дара орны бар білім ордаларының бірі. Орта Азия аймағында осындай оқу орны жоқ. Әлемде де саусақпен санарлықтай. Мен  осы жоғары оқу орынынан 2011 жылы физика пәні мұғалімі мамандығын оқып шыңдалып шықтым. Білім алсаң жасыңнан, Қыдыр кетпес қасыңнан деген қазақ халқында жақсы айтылған сөз бар. Қазақ халқы үшін де қоғамның да, жеке тұлғаның да мәдениетінің өлшемі болып саналатын, әрі рухани дамудың бір­ден-бір тетігі, бүкіл құндылықтың бас­тау көзі – тіл.

Сондықтан тілді сақтау – ел­дікті сақтау, тілді сақтау – ұлтты сақ­тау деген ұғыммен барабар. Олай болса, еліміз­дің жаһанданудың жойқын сы­ны­нан сүрінбей өтуінің, ғаламданудың ғала­мат екпініне тө­теп беруінің де жолын білім беру жүйесіндегі тілді оқыту мәсе­лелерімен тығыз сабақтастықта қарас­тыру қажет. Бұл міндетті жүзеге асы­ру­дың басты шарты – отандық білім беру жүйе­сінде бүгінгі оқушылардың, бо­лашақ ел иелерінің елжандылық рухын шың­дау, аталар аманатына адал болуға баулу, бәсе­келестікке бейімділіктерін қалып­тастыру, интеллектуалдық әлеуетін арттыру.

Жаңартылған білім беру бағдар­ламасында білім мазмұнының жаңа­руымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқы­тудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қол­данудың тиімділігі көрсетілген. Биыл жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы орайда озық елдердің үздік тәж­іри­белерін негізге ала отырып, балаларға заман талаптарына сай білім беріп, саналы, ой-өрісі кең азамат етіп тәрбиелеуді мақсат ететін жаңа бағдарламаның ұтымды тұстары да бар дейтін болсақ, кемшіліктері де қаперде тұр.

Осы орайда мен өз сабақтарымда білім алушы оқушыларма физика сабағындағы білім беру кезінде жаңа технологиялық әдістермен сабағымды жүргіземін. Оқыту әдістерін оқу тәсілдерімен шатастыруға, немесе әдістерді тәсілдердің қосындысы, болмаса жиынтығы деуге болмайды. Бұл долбарлау оқыту әдісінің өзіндік сапасын жойып, әдістердің өз алдына дидактикалық категория екендігін жоққа шығару болар еді.

Сәуле Исатаевна СУТИБАЕВА,
№ 147 гимназия директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары, физика
пәнінің мұғалімі,
2011 жылғы түлек,
Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий