Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы: Бастауыш және орта білім беру сапасын арттырудың маңызы

Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) жобасы әзірленді.

 

 

Бұл жоба екі жыл бойы педагогикалық және сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, депутаттармен талқылай отырып әзірленді. МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 оқу жылына жоспарланған.

МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге, көптілді білім беруге баса мән берілген. Білім берудің инклюзивті тәсілін арттыруға және МЖМБС тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілді. Сонымен қатар «Әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы да қосылды. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер және сағаттар саны сақталады. 

МЖМБС талаптары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқыту нәтижелерін бағалау, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде міндетті болып табылады.

Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазір қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген еді.

Мектептерде көптілді білім беру қарқын алуда. Жаңа мемлекеттік стандартта мектеп таңдауы бойынша шетел тілдерінде (француз, итальян, қытай және тағы да басқа) оқытуға рұқсат етіледі. Бұл міндетті норма емес және ол мектептің кадрлық әлеуетіне қарай қолданылады. Мысалы, орыс тілінде оқытатын мектепте география пәнін қазақ, ағылшын немесе басқа шет тілінде өткізуге болады. Сол сияқты элективті курстар да мектептің әлеуетіне қарай шет тілінде жүргізіле алады. Мемстандартты апробациялау 2025-2026 оқу жылында 1, 5-сыныптарда басталады, 2026-2027 жылдары толық іске асыру жоспарланды.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының баспасөз қызметі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий