Семинар: Шағын жинақты мектептердің тәжірибе алмасуы

Кеңес Одағы Батыры есімімен аталатын біздің білім ордасының негізі қалағанына  алпыс жылға жуықтап қалды. Он жылдай бұрын жаңа ғимарат қолданылысқа беріліп,   шәкірттердің екінші үйіне айналды. Қазіргі кезде мектебімізде 167 оқушы білім алуда. Ұйымшыл ұстаздар ұжымында 36 пән мұғалімі екі тәрбиеші және бір кітапханашы жұмыс жасайды. Сапалық құрамына келсек он бесі педагог – зерттеуші,  сегізі педагог – сарапшы, оны педагог – модератор және алтауы педагог.       

Мектеп-оқушы-ата -ана үштігінің тығыз байланыс жасауы нәтижесінде әкелер клубы, аналар клубы, әжелер клубы жүйелі жұмыс жасап келеді. Спорт саласында жеткен жетістіктеріміздің орны бір төбе. Мектепте өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Жуырда заманауи білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуде инновациялық оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында шағын жинақты мектептердің педагогтеріне арналған «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында аудандық әдістемелік тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Мулдагалиев, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Жумалиева, білім беру бөлімінің әдіскері З.Макишева алғы сөздерінде оқушылардың сапалы білім алуына қолжетімдігін қамтамасыз етілуіне, сабақта инновациялық технологиялардың тиімді қолданылуына назар аудару керектігі мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ауданымыздағы шағын жинақты мектептерден отыз педагог қатысқан семинар барысында ұжым жетекшісі Е.Есенова бағдарламаның барысы мен мақсат-міндеттері және өтетін сабақтардың ерекшеліктері, формалары туралы жан-жақты таныстырылым жасады.

 «Кәсіби шеберхана: Үздік сабақтар шеруі» бөлімінде білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдерді, жасанды интеллект технологиясын білімге біріктіре енгізу жолдары мен заманауи түрлі білім платформалары мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мектебіміздің ұстаздары іс-тәжірибелерімен бөлісті. А.Бисюкова «Өзіңді тексер. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер» (2-сын.), И.Утешева мен М.Тулешева «Рационал сандарды бөлу» (6-сын.),   О.Кенжебаева «Идеал газ күйінің теңдеуі» (10–сын.), У.Айтпукешева «5 санын қосу және азайту»  (1-сын.), Э.Нигметова мен С.Махмудова «Сабақ және тамыр.Химиялық элементтер» (7-сын.), А.Мутигуллина «Memory» (11-сын.), Р.Мукатов пен Э.Джумагазиева «Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі» (11а,ә–сын.), А.Рыспаева мен М.Тулешева «Ұлы адамдар достығы» (7-сын.), М.Тулешев пен Р.Досанов «Акробатикалық жаттығулардың тізбегі. Тепе-теңдік және секіру» (8-сын.) өткен сабақтардан ұстаздардың шеберлігі ғана емес, оқушылардың бір мәселені шешу үшін әртүрлі салалардағы білімді біріктіре алатын мүмкіндіктерінің барына көз жеткіздік.

«Білімді тәжірибеде қолдан және нәтижеге жұмыс жаса» бөлімде «Тегісшіл НОМ» КММ-нің ОІЖО Қ.Нариманов «Жасанды интеллект – заман талабы», «Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ» КММ-нің ОІЖО Р.Сарсентаевна «Жасанды интеллектіні сабақта тиімді қолдану», тарих пәнінің мұғалімі Р.Мукатов «Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру»  тақырыптарында тәжірибелері мен білім берудегі жаңалықтарын ортаға салды.

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Амантайқызы «Шағын жинақты мектепті жетілдірудегі әдістемелік жұмыс –  мұғалімдердің кәсіби даму көзі» тақырыбында жетекші мектептің әдістемелік жұмыстарының тыныс – тіршілігін, жеткен жетістіктерін таныстырып, маңызды мәселелерге тоқталды. Біздің білім шаңырағы жетекші мектеп ретінде балалардың  табиғи  мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне, жеке басының қабілеттеріне  қарамай, олардың бәріне қолжетімді білімдік қызметті іске асыруды басшылыққа алып келеді.

Райхан ГИЗЗАТОВА,
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы
орта білім беретін мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары, Батыс
Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий