Жұмысшы мамандықтарын даярлау – сан саланы қамтитын аса жауапты сала

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында 2025 жылды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру міндетін қойып, жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесіне  түбегейлі реформалық өзгерістер мен транцформациялау енгізу қажеттілігі соңғы жылдары айқын сезілді.

Бұл дегеніміз заман талабына сай өндіріс саласына сапалы жұмысшы мамандықтарын даярлауға ел Президентінің өзі бастамашы болып, Үкімет пен билік тарапынан әрқашан басымдылық беріп, басты назарда ұстайтын мәселесі деп айқындап, үкімет тарапапынан заман талабына сай  кешенді қадамдарды іске асыруды Өз Жолдауында нақтылап тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысының 2025 жылды – жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы осы салаға нақты өзгерістерді енгізе отыра ел экономикасын дамытуға бағытталған нақты қадамдарының ірі көріністерінің бірегейі деп бағалауға болады.

ТжКБ жүйесін реформалаудың алға қойылған міндеттері тұрғысынан бұл Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлау жүйесіндегі қалыптасқан үрдістермен, дәстүрлерді түбегейлі қайта қарау деген сөз. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында сапалы білім мен саналы тәрбие беру бүгінгі таңда өркениет көшіне ілескен елдердің бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселесі десек, жұмысшы мамандықтарын даярлау да – сан саланы қамтитын аса жауапты сала екендігі даусыз.

Осы тұрғыда еліміздегі колледждер бүгінгі күні жоғары оқу орындары және негізгі, орта білім беретін мектептермен тығыз байланысты жолға қойып, осы үш буынның арасындағы ынтымақтастыққа және ажырамас бірлікке мән беруге басымдық беруді басты стратегиялық бағыты деп қабылдауы қажет. Нақтырақ тұжырымдасақ, білім алушының мансабын әрі қарай дамыту бойынша үгіт-насихат жұмыстары мен рекрутинг және пайдалы кеңес берудің ортақ моделін жасап, білім беру жүйесіне енгізу, тиімді жолға қою басты нысанамызға айналмақ, ол үшін жоғарыда келтіріп отырған  үш буын, білім саласының ортақ әрі бірегей жүйесіне бет бұруы қажет .

Келесі бір баса назар аударатын мәселе, аймақтардағы колледждердің игертетін мамандықтары бойынша үгіт-насихат орталықтарын құру мақсатымызға жаңаша серпін бермек. Мемлекет басшысы өз Жолдауында “кәсіптік білім беру реформасы экономиканың өсуін қамтамасыз ету және оның инвестициялық әлеуеті тұрғысынан өте маңызды болып отыр”, – деп нақты көңіл аударатын тұсы да осы мәселенің өзектілігін білдіреді.

Мемлекет басшысы жариялап отырған жұмысшы мамандықтар жылындағы тағы бір игі бастамасының жалғасы іспеттес қадам, ол аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ошақтарының инновациялық және рентабельді мамандықтар ашуында болып тұр.  Жуырдағы Үкімет отырысында  Оқу ағарту министрлігіне салалық министрліктермен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды.  

Бүгінгі колледждердің бұл мақсатты орындау үшін және жүзеге асыру жолында  Мемлекеттік билік тарапынан бірнеше шарттарды іске асыру қажет деп есептеймін: жан басына шақандағы әрбір студентке бөлінетін қаражатты кемінде екі-үш есе көбейту; ауылдық немесе аймақтарда орналасқан шалғай колледждердің кәсіби білім беру базасын нығайта отырып ,  білім үрдісі өте жақсы жолға қойылған колледждерді сол белгілі бір аймақтың негізгі треуіш орталығына айландыра отыра жан жағындағы басқада оқу орындарын тарта отырып  жан-жақты сапасын арттыру.

Колледждерде жаңа мамандықтар ашуда лицензияларды  иемдену мүмкіндігін барынша жеңілдету; елордада немесе Алматы қаласында World Skills Академиясын құру; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын үздік аяқтаған түлектері үшін мемлекеттік қызметтерге орналасу  талаптарын неғұрлым оңтайландырып, жеңілдету; профильді ЖОО-ы колледждерді өз қамқорлығына ала отырып бұл тұрғыда әдістемелік  бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырса екі жақты байланыс нақты көрсеткіштерге  жетелейтіні сөзсіз.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен педагогтарына арналған өзара академиялық ұтқырлық енгізу мәселесі де мақсатымызға жетуде даңғыл жол болары айқын: – әлемдік, халықаралық деңгейдегі үздік колледждерге жібере отыра педагогтардың тағылымдамаларын ұйымдастыру білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз; тәжірибе алмасу үшін шетелдің үздік менеджерлері мен оқытушыларын елімізге шақырту – білікті мамандар даярлаудағы игі бастама.

Техникалық колледждер базасында арнайы әскери кафедралар ашып, запастағы сержанттарды даярлайтын әскери  орталықтар ашу. Сол арқылы білім алушыларды сержант атағына дейінгі әскери біліктілікпен қамтамасыз ету көптеген талапкердің ынтасы мен қызығушылығын арттырып, кемел келешегіне жарқын жол ашары анық. Техникалық колледждер нысанында жасанды интелект орталығын құру және тағы да басқалар.

Міне, Президент Жолдауын ақыл сарабынан өткізе отырып, осындай жарқын ойларды түйдік. Бұл, сөзсіз – жұмысшы мамандық иелерінің білім-біліктігін арттырудағы тың идея, игі  бастамаларға алғы шарт ретінде ықпал етері сөзсіз. Мемлекет басшысының осындай жарқын бастамалары кемел келешегімізге нұсқайтын даңғыл жол екені зор сенім ұялатады. Ол елеулі өзгерістерді болжайды, тіпті түбегейлі жаңа нәтижеге және экономика мен қоғамның заманауи талаптарына сәйкес келетін ТжКБ жаңа жүйесін құруға әкелетін іргелі қағидаттарды, жекелеген нормалар мен ережелерді өзгертуге ықпал жасайтын үрдіс қалыптастыратыны сөзсіз.

Динар НУКЕТАЕВА,
Қазақстан Респуликасы
Сенаторлар Кеңесінің мүшесі 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий