Ұлағатты ұстазбен кездесу
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік пен ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, өнегелі, денасаулығы мен рухани байлығы қоғамдық әлеуметтік алғышарттары болып табылады. Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог – маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізгі педагогикалық оқу орнында қаланады. Осындай мақсатта ұйымдастырылған іс-шараның бірі «Астана Халықаралық Университетінде» бас қаланың «№111 жайлы мектебінің» ұлағатты ұстазы Сейтова Назым Әмірбекқызымен өткізілген бұл «Қонақ» дәрісін айтып өтуге болады.
«Әлемде қаншама мамандық бар, мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл,» – дегендей нағыз мамандықтың шебері, өз қалауы және басқа таңдау да болмаған ұстаздың 42 жыл тек бастауышта жас бүлдіршіндерге сабақ беруі өзінің ұстаздыққа деген махаббатын дәлелдейді. Арман болған, соның нәтижесі ұлағатты ұстаз, әрдайым жас кезінен ұлықтауға лайық жан бүгінде Сейтова Назым Әмірбекқызы. Бір емес бірнеше рет өз тәжірибесі мен жетістігін заманауи тұрғыда шынайы да шебер әдістерімен университет қабырғасында “Бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдістері” атты «Қонақ» дәрістерін өтіп жүр. Бұл дегеніміз бүгінгі таңда теория мен тәжірибенің ұштасуы – болашақ ұстаздар үшін қажет те маңызға ие екені анық. Әрбір жас болашақ ұстаздың өзінің кәсіби қызметіне деген қызығушылығы мен шеберлігін тереңірек сезініп мамандығына деген жауапкершілігі арта түседі.
Қазіргі таңда YouTube т.б. әлеуметтік желілерде көптеген дәрістерді көруге болады. Дегенмен Назым Әмірбекқызымен бірлесіп өткен дәріс болашақ ұстаздармен бетпе-бет келіп сұхбаттасуы, тәжірибе алмасуы әрбір болашақ ұстазды шыңдай түседі. Назым Әмірбекқызының шебер де үлгілі ұстаз болуы бірнеше еңбектерінің, сабақ өту тәсілдерінің жан-жақты қызықты да тиімді болуы тынымсыз еңбегінің, әрдайым ізденісте болуының жемісі. Тамыры тереңде бала күнінен ұстаз отбасында тәрбиеленіп өскен ұстаз, ұстаз көрген дегендей мейірімді де шәкірттеріне шапағат шаша білген туа біткен ұстаз дер едім. Университет қабырғасындағы бірнеше әдістемелерінің қай-қайсысы болса да жай сабақ емес шәкірт жүрегіне жол аша білген сабағы мен сахналық көрінісі, әртүрлі әдіс-тәсілдері,, мысалы ондағы «Ы. Алтынсарин» әңгімесінің жай емес, сахналық көріністе өтуі, математика сабағында оқушыларға логикалық түрде өздерінің жұмыс жасай білуіне ықпал ете білуі т.б. мысалдарды атап өтуге болады.
Осы орайда біздің қонағымыз өз тәжірибесінде қолданатын әдістерді мысалға алып келсек. Антена ойыны. Бұл терминді нақтырақ түсіндіру үшін қосымша контекст қажет. Егер бұл ойын сергіту немесе команда құру мақсатында қолданылса, ол көбінесе адамдардың назарын шоғырландыруға, белсенділікті арттыруға бағытталады. Интеллектуальды ойын. Ақыл-ой қабілеттерін дамытуға бағытталған ойын. Мысалы, шахмат, викториналар, “Брейн-ринг”, “Не? Қайда? Қашан?” сияқты ойындар. Бұл ойындар зияткерлік білім мен логикалық ойлауды жетілдіруге көмектеседі. Ментальды карта. Ақпаратты графикалық түрде құрылымдап, есте сақтау және идеяларды жүйелеу үшін қолданылады. Бұл әдіс шығармашылық ойлауды, жоспарлауды және идеяларды визуализациялауды жақсартады. Ағылшын тілінде mind map деп аталады. Рөлдік ойын. Бұл қатысушыларға әртүрлі рөлдерді орындап, нақты немесе ойдан шығарылған жағдайларды модельдеуге мүмкіндік беретін әдіс. Оқыту мен дамытудың тиімді құралы ретінде рөлдік ойындар жиі мектептерде, университеттерде және тренингтерде қолданылады. Мысалы, мұғалім мен оқушының, дәрігер мен пациенттің рөлдерін ойнау.
Барша ұстаздық есігін ашып отыран жас мамандарға үлгі етуге тұрарлық тамаша кеш болды. Осындай Қонақ дәрістерді өткізудің рөлі мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтудың бірден бір басты жолы екендігінің дәлелі.
Осындай ұлағатты ұстаздардың кәсіби бағдар беруде өз тәжірибесімен бөлісуі маңызды. Бұл болашақ мұғалімдердің кәсіптік бағдарларын жетілдіруіне оң ықпалын тигізеді.
С.А.Кошимбетова,
Астана Халықаралық университетінің профессоры