Түркістан облысы: Салалық кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы анықталды
«Түркістан облысы, Түркістан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” республикалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылып, Салалық білім кәсіподағының үздік бастауыш ұйымы анықталды», – деп хабарлайды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары – Салалық кәсіподақтың облыстық, аумақтық конкурстарының жеңімпаздары; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Г.Жұмагелдиева; Түркістан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Өмірәлі; Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қ.Мұсағалиев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев; республикалық білім беру қоғамдық-саяси «Білімді ел – Образованная страна» газетінің бас редакторы Л.Түркістанова; Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева және мүшелік ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Шараны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Г.Жұмагелдиева құттықтау сөзімен ашты. «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау-сайысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің Қаулысымен жарияланған «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында өтуде. Бұл шара кәсіподақ негізі – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін айқындап, маңызын арттыруға ұйытқы болары сөзсіз», -деді ҚРКФ төраға орынбасары.
«Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау-сайысы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін белсендендіру; бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру; бастауыш кәсіподақ ұйымдарының неғұрлым білікті және белсенді төрағаларының қатарынан кейін оларды сайланбалы кәсіподақ лауазымдарына ұсыну үшін кадрлар резервін құру; еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру; кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту; кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында өткізілді.
Шараға қатысушыларды мерекемен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қ.Мұсағалиев құттықтады. Іс-шарада сөз сөйлеген Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев Салалық кәсіподақтың білім қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартудағы рөлін тілге тиек етті. Әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өтті.
Шараға қатысушыларды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева құттықтады. – Байқау барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі басты, басым бағыттар – жергілікті жерлерде нақты, күнделікті әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу, ұжымдық шарттарды қабылдау және іске асыру, педагогтар мен білім саласы қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіподақ мүшелерінің демалысын, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға баса назар аударылды.
Байқау-сайыстың қорытындысы көрсеткендей, кәсіподақ комитеттерінің тәжірибелік іс-әрекеттері кәсіподақ ішіндегі және қаржылық жұмыстарды нығайтуға, кәсіподақ мүшелігін ынталандыруға, кәсіподақтың ұйымдастырушылық жұмыстарын күшейтуге бағытталды», -деп атап өтті А.Мұқашева. Республикалық байқауға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары деп танылған Салалық кәсіподақтың 31 бастауыш ұйымы қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен сайыстың Бас жүлдесін Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (Қызылорда қаласы) иеленді.
Бірінші орын – №46 «Балбұлақ» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы (Ақтау қаласы); ІІ орын – «Торайғыров университеті» КЕАҚ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (Павлодар қаласы); ІІ орын – №27 “Мәртебе” ОМ бастауыш кәсіподақ ұйымы (Шымкент қаласы); ІІІ орын – Қийма ауылының «Қабдеш Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (Ақмола облысы); ІІІ орын – «Ботақан» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы (Нұр-Сұлтан қаласы); ІІІ орын – «Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (Ақтөбе облысы); ІІІ орын – «Верх-Березовка бастауыш мектеп – балабақша кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (ШҚО).
Айта кету керек, биыл байқауда 4 бастауыш ұйымға ІІІ орын берілді, өйткені олардың 2-уі бірдей балл жинады. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Үздік бастауыш ұйым» республикалық байқау-сайысына белсенді қатысқаны үшін 16 бастауыш ұйым Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттарымен және арнайы қаржылай сыйақыларымен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған байқаудың барлық жеңімпаздарына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Дипломдары, сондай-ақ қаржылай сыйақылары табыс етілді.
“Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы” байқауының Гран-при иегері, Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Әкімбаева байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтып, әріптестерін құттықтады. Бас жүлде иегері ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық байқауына қатысады.
Загрузка...