Отбасылық құнды жәдігердің тәрбиелік тағылымы

Жаңа заман білімділердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жан-жақты даму ғасыры. Дәуір үнпарағындағы бәсекелестік ақпараттарға ілесуі үшін мектеп оқушыларының қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізуі үшін анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді. Сондықтан табыстылықтың бастауында ерте жастан зерттеу бағытындағы ізденістермен танымдылық деңгейін кеңейтудің маңызы ерекше болмақ.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда қолданылатын тәсілдер– оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылыққа бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Бұл тәсіл қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабалардың әдебиеті мен мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді.

Бұл ел болашағының білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуында оқулықтарындағы дайын білімнің аздық ететінін, ол үшін оқушылардың жеке ізденістері, ғылымға, зерттеушілікке ұмтылыстарын, қызығушылықты оятудың қажеттілігін көрсетеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа атадан балаға мирас болып келе жатқан отбасы құндылықтарын дәріптеу, насихаттау мақсатында өзімнің авторлық «Сыр қойнауы» бағдарламасы» аясында «Біздің отбасының құнды жәдігерлері» тақырыбында жас зерттеушілердің облыстық оn-lain жоба жазу сайысы ұйымдастырылды.

Басты мақсат – жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; оқушылардың ұлттық рухани мәдениетімізді тануға деген зерттеу жұмыстарын қолдау, ынталандыру; жәдігерлер арқылы отбасы мәдени ресурстарының дамуы туралы мәліметтерді жас зерттеушілер көзқарасымен зерделеу; отбасы шежіресін, тарихын танып білуге, құрметтеуге  балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтарын арттыру, ұлттық санасын қалыптастыру болып табылады. Жоба сайысына қатысқан жалпы білім беру ұйымдарының 5-8-сынып оқушылары дайындаған зерттеу жұмыстарының берері мол болды.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық рухани мәдениетке деген көзқарастарына ықпал ету, отбасы шежіресін танып білуге, құрметтеуге баулу кемел келешек үшін маңызды іс. Қорғауға келіп түскен 114 жұмыс іріктеуден өтіп, нәтижесінде 17 жасар зерттеуші Zoom платформасында өз жұмысын қорғады. Сарапшылар зерттеу жұмысы отбасы құндылықтарын насихаттау болғандықтан да, жәдігердің тарихын және оның бүгінгі қолданыстағы маңызына тоқталуына; отбасы мүшелерінің ықпалын және қорғаушының өзіндік көзқарасын бағалады. Жалағаш ауданындағы №116 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Төрехан Айтбайдың жұмысына тоқталамыз.

Оның отбасындағы тоқсан жылдық тарихы бар үтік төртінші ұрпақтың қолында. Үтік тарихы 1904 жылы Ташкент-Орынбор темір желісі іске қосылуымен байланысты. Сол үлкен құрылысқа әжемнің әкесі Кетебайұлы Ақдәулет атам қатысып, қазіргі Жалағаш ауданындағы алтыншы бекетте теміржолшы болып қызмет еткен. Заманында атам көзі ашық, сауатты кісі болған. Баласы Нұрмағамбеттің зеректігін байқап, көкемді Қызылорда қаласындағы орыс мектебіне оқуға берген. Әжем шойыннан не қоладан құйылған шоқпен қыздырылатын бұл үтікті аса көп пайдаланған. Салмағы ауыр, бірақ өте тез суып қалады. Үтіктің сабы ағаштан жасалған. Оның көмір салуға және түтін шығуға арналған арнайы тесігі бар.

Анашым, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шара Жалғасова төрт ұрпақ тұтынған үтікпен қалай жұмыс жасау технологиясын түсіндіріп берді. Кез келген ағашты үтікті қыздыру үшін пайдалана алмайды екенбіз. Оған шоғы қызулы жергілікті қарабарақ немесе сексеуіл ағаштарын пайдалану керек екен. Анашымның үтікті қыздыру мақсатындағы әрекеттеріне қарап, ата-бабамыздың керемет жаңалықтардың негізін қалаушы болғаны мені қатты қызықтырды. Жоба дайындауда әкемнің ата-әжелеріміз жайында өткен тарихымызды еске алып айтып бергені, анамның тәжірибе түрінде от жағып шоқ үтікті қыздарғаны, ал бауырларымның сәттіліктер тілеуі–нағыз Бақытты отбасының ынтымағы мен жәдірігері, құндылығы, деп білемін. Мен өз тарихы бар отбасымды сүйемін. Отан отбасын сүюден басталады.

Біз қазір отбасымыздың жәдігері шоқ үтікпен киім үтіктемесек те атадан қалған мұра ретінде қастерлеп келеміз. Балам, жадыңа жақсылап түйіп ал. Отан отбасынан басталады. Екі ұғымның да «от» сөзінен басталуының мағынасы–әрбір шаңырақтың іргетасы түтінінің түзу ұшуы мен қазанының қайнауынан бастау алады. Ата-бабамыз «отыңды өшірме», деген ұлағатты ой қалдырған. Бұл үтік төртінші ұрпақ сендердің қолдарыңда тұр. Бұл жәдігерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу-біз үшін аманат,–деген анамның көзінде үлкен бір жауапкершілікті сезін деген  көзқарас тұрды. Отбасы жәдігері менің қызығушылығымды тудырып, үтіктер тарихымен танысуыма ықпал етті. Бірінші ғасырда жазық жылтыр металдарды сумен қыздыруа үтіктеу Қытайда қолданыла бастаған. Үтіктеудің принциптері Көне Юнанстанда IV ғасырда пайда бола бастаған.

XI ғасырда М.Қашқари еңбегінде «YTYK- күрек пішінді бір темір құрал, киімнің қыртыстарын жазу үшін оны қыздырып киімді бастыра сылайды»,– деп жазылған. Алғашқы электрлі үтікті 1882 жылы Генри Силей ойлап тапқан. Ол өз үтігін Нью Йоркте 1882 жылы маусымның патенттеді. (патен нөмірі 259,054). Оның үтігі 15 поунд болып ұзақ қызатын. XVIII ғасырда адамдар үтікті қалыпқа құю арқылы жасай бастады. Арнайы үтік жасауға арналған құралдар мен зауыттар пайда болған. ХIX ғасырда француздар арнайы ыдысқа шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген. Кейіннен шеберлер үтіктерді күмістен жасай бастаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін шоқ үтіктермен қатар тоқ үтіктермен қажеттілікке қарай қолданылған.

Жиырмасыншы ғаасырдың жетпісінші жылдарынан бастап, тоқ үтіктер еркін қолданысқа енген. Зерттеу жұмыс өте маңызды болды. Әжемнен қалған аманатты күтіп сақтау-аманат. Аманатты түсінумен қатар отбасының құнды жәдігерлерін көзден тасалап, далаға немесе сарайға лақтырып тастамай сақтау өзіміздің ата-тегімізге деген құрмет. Біздер, үлкендер естелігі арқылы болашақта тың жаңалықтар ойлап табуымызға да болады екен,-деген ой түйіндедім. Жүсіпбек Аймауытовтың: – жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі, перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны абзал, – деген қағидасына сүйене ойымызды қорытындылаймыз.

Мария Айтбайқызы ОРМАНОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ филилалы Қызылорда

облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий