Ұстаз еңбегі – өлшеусіз

Әлемге тараған пандемия қиыншылықтарына қарамастан, ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, балаларды білім нәрімен сусындатуда.  Облыс орталығында орналасқан біздің білім шаңырағында қашықтан  оқыту жүйесі дұрыс ұйымдастырылған. Осы орайда оқудың үздіксіз болуын қамтамасыз етуге арналған бір қатар шаралар жүзеге асырылды. 

Іске қосылған қашықтан оқыту бағдарламалары бойынша, ұстаздарымыз жоспарланған оқу кестесімен өз жұмыстарын адал атқарып келе жатыр. «Оқушы- ұстаз-ата-ана» – үштік одақ ынтымақтастығын нығайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз.  Жақында, мектепішілік жоспарға сәйкес «Жаңартылған білім- жаңаша дамудың кепілі» атты бірлестік жетекшісінің бастамасымен апталықта, «Zoom» платформасы арқылы 2 «Ғ» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырдым. Сабақ онлайн режимінде өтсе де оқушылар белсенділік танытып, аса қызығушылықпен  қатысты.

Берілген сұрақтар мен тапсырмаларға тез әрі жылдам жауап қайтара білді. Компьютер мен үзіліссіз ғаламтордың болуы- менің алдыма қойған мақсаттарыма жетіп, қашықтағы білім алушыларыммен кері байланыс орнатып, сабағымның нәтижелі болуына зор мүмкіншілік берді. Ел басына түскен осындай қиын кезеңде жас ұрпақтың сапалы білім алуына қосқан үлесімді үлкен жетістігім деп қуана айта аламын. Осы қиын кезеңді артқа қалдырып, алтын ұя мектебімізде амандықпен жүздесейік!

Нұргүл Бостанғалиқызы СЕРІКБАЕВА,
№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім
беретін орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий