Экологиялық білім беру және мәдениет

Экология мәселесі қазіргі таңда тек бір біздің елде емес, бүкіл дүниежүзінде ең өзекті мәселелердің қатарында тұр. Халқымызды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және экологиялық білім беру мәселесі еліміздің ғалымдарын, педагогтарын, Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың назарын аударып отыр. Оның себебі еліміздегі экологиялық мәдениеттің төмендеуінің көрініс табуы,  жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы себеп болып отыр. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» – деп ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай, табиғаттың амандығы көп мәселеннің шешімі болатынын ұмытпаумыз керек.

Оны тек үкімет шешеді деп артып қою, шиеленіскен мәселені шешімі табылады деп айту қиын. Экологиялық мәдениетті дамыту үшін тәрбиемен білім қажет: оны отбасы – балабақша – мектеп – жоғары оқу орындары тізбегі арқылы экологиялық білімді осылай жалғастыру қажет деп санаймын. Тарих парақтарына кері шегінер болсақ, тұмса табиғатты көз қарашығындай сақтаған ата – бабаларымыздан үлгі алуымыз қажет. Экологиялық мәдениеттің қайнар көзі ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан  тәжірибесі – табиғатты аялау, оған ұқыпты қарау, қорғау мен үндестікте өмір сүру және оның байлығына деген есепті қарым-қатынас. Ерте заманда ата-бабаларымыз табиғатты, ондағы тіршілік иелерінің ортамен байланысын жақсы біліп, сауатты пайдалана білген.

Халық даналығындағы «көкті жұлма», «бір тал кесең  он тал ек», «обал болады» деген нақыл сөздерімен ұрапақтан-ұрпаққа  ұалан ғайыр жеріміздің әсем табиғатын сақтап, флорасы мен фаунасын аманат етті. Олар өздерінің табиғат қорларына, табиғаттың тылсым жағдайына тәуелді екенін білген. Қазақ жұрты өзін табиғаттың бір бөлшегі, табиғатпен айырылмастай байланыстамыз деп түсініп, қазіргі кездегідей білім алмаса да, табиғат кітабын оқи біліп, жинақталған білімді  ұрпақтарына беріп отырған. Сондықтан елдің тұрмыс салтындағы, әдет-ғұрпындағы табиғат-Ананың орнын қайта жаңғырту жұмыстары бүгінгі күнгі ұстаздардың міндетті десек қателеспейміз. Кей жағдайда, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады.

Қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады, яғни суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және тағы басқалар. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды. Балабақшаларда табиғатты  тану, орта мектептерде табиғатты қорғау және ұтымды пайдалану пәндерін енгізсек, ал жоғарғы оқу орындарынның студенттерінен  табиғатты қорғау еріктілер қоғамыны құру «Жасыл ел» жобасын жаңғырту  арқылы халыққа экологиялық тәрбие мен білім беруге тарту қажет.

Енгізілген пәнді экологиялық терминдермен күрделендірмей, әртүрлі ойындар, табиғатты тану топсеруендерін ұйымдастыру қажет, оның ішінде атап айтар болсақ: плоггинг жасау яғни жүгіру арқылы қоқыс жинау жарысына; экологиялық челлендждерге; экологиялық квесттерге; «World Cleanup Day» (Бүкіләлемдік тазалық күні) акцияларына; халықаралық энергия үнемдеу күніне; табиғат арасында топсеруендерге; мектеп бітіруші түлектер аллеясын жасап, ағаш отырғызу және оны төменгі буын оқушылармен бірге күтіп-баптау жұмыстарына; қайта өнделетін қоқыстарды жинау марафондарына; мектеп ауласындағы суды және электр жарығын  үнемдеу жобаларын жасауға; үздік мектеп гүлзары, үздік көркейген  аула, таза жағалау, таза қала акцияларын ересектермен бірге қатысуына; қорғансыз қалған жануарларға көмек орталықтарына қолғабыс жасау қолға алынғаны дұрыс.

Гринпис (жасыл әлем), Робин Вуд және тағы да басқа мүдделі ұйымдармен байланысты ұйымдастыруына; экологтар күні, тау күні, теңіздер күні, батпақтар күні, ормандар күні сында басқа да даталарда әртүрлі жобалар ұйымдастыруына оқушыларды отбасы мүшелерімен бірге қатыстыру қажет деп санаймын. Міне осындай жұмыстарды жасағанда елімзідегі азаматтарда экологиялық мәдениет қалыптаса бастайды. Сонда ғана бұл мәселе өзінің дұрыс шешімін таппақ. Адам тек табиғатпен үйлесімді өмір сүргенде ғана экологиялық мәдениетіміз ілгері басады деп айта аламыз.

Серік Ұзақбайұлы НИЯЗОВ,
№80 мектеп-гимназияның география пәні
мұғалімі, Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданының Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий