Белсенді қозғалыс – жас ұрпақтың физикалық-психикалық дамуының негізі

Жас ұрпақтың денсаулығы – ұлт денсаулығының құрамдас бөліктерінің бірі. Қазіргі дене мәдениеті,  қоғам мен адам өмірінің элементі ретінде сан алуан түрлі әлеуметтік функциялармен қамтамасыз етілген. Бұл, ең алдымен, халықтың әртүрлі топтарының және ең алдымен жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту функциясы. Дене шынықтыру мамандарының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша отандастарымызға арнаған «Қазақстан – 2030» Жолдауында қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене шынықтырумен айналысуға бағытталған». Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында халықтың әртүрлі топтарының аурушаңдық деңгейінің едәуір өсуі байқалады. Жастардың денсаулығы мен физикалық даму жағдайы жыл сайын төмендеуде және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Біздің жастардың денсаулығы мықты болуы керек, олар өмірлік дағдылар мен дағдыларды игеруге, дұрыс таңдау жасауға, сондай-ақ қоғамда маңызды орын алуға  нақты мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Денсаулыққа байланысты әлеуметтік дағдылар қалыптасатын, интеллектуалды және физикалық дамудың ең жоғары әлеуеті бар өмір кезеңі – балалық және жасөспірімдік кезең болып табылады. Қозғалыстың жеткіліксіздігі және физикалық дамудың төмен деңгейі- ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне ықпал ететіндігі, эмоционалды тұрақсыздыққа, стресстің, жүректің функционалдық жағдайының нашарлауына, бұлшық ет дистрофиясына әкелетіні, иммунологиялық және аллергияға қарсы әсер ететіндігі дәлелденген.

Аз қозғалу өмір салтына байланысты көңіл-күй мен белсенділік нашарлайды, мазасыздық, өз мүмкіндіктеріне сенбеу, жасырын агрессивтілік және өзіне деген сенімсіздік сезімі күшейеді. Ғалымдар денсаулық факторларының 90% -ы медицинаға бағынбайды деген тұжырымға келді. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы одан сайын арта түседі. Адам денесі әрдайым қозғалыста болуы тиіс. Қозғалу өмір салтының зиянды салдары – қысым жоғарылайды, тәбет жоғалады, сүйектер нәзікшіл болып бұлшық еттер ауырады, шаршау күшейеді, көңіл-күй нашарлайды.

Дене шынықтыру мен спорт – адамның қалыпты өмірін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып саналады. Олар жас ұрпақтың физикалық және психикалық дамуының  негізі болып табылады. Демек, жастардың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы дене шынықтырудың рөлі ерекше маңызды. Балалардың денсаулығын нығайтудың оң нәтижесіне жету- жүйелі дене шынықтыру және спортпен щұғылдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балаларды толықтай демалдыру, күштерін қалпына келтіру, шығармашылық әлеуетін дамыту, жеке мүмкіндіктерін жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Спорттық-туристік кешеннің мақсаты – ұлттық және әлемдік мәдениет дәстүріндегі,  мәдениет пен спорт әдістері  арқылы жеке тұлғаны физикалық тұрғыдан дамыту. Дене-шынықтыру-туристік кешенінің уақытпен тексерілген тиімді жүйемен жұмыс істейді. Сауықтыру сабақтарының  негізі – олардың жүйелілігі қағидаларына негізделген. Дене шынықтыру-туристік кешен екі кезеңде (қыста, жазда) ауысым барысында  өткізген іс-шараларға талдау жасай отырып, баланың физикалық белсенділігінің кестесін болжап құруға болады. 

Ауысымға қатысушылардың физикалық белсенділігі кестесі:

САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ

 

Қысқы кезең

Жазғы кезең

Саны (бір ауысымда )

Саны (бір ауысымда )

 

1

Таңғы гимнастика

18

14

2

Сабақтар

3

3

Спорт үйірмелері

2

2

4

Қызығушылық үйірмелер

8-10

8-10

5

Бассейнде жүзу

2

2

6

Курорттық аймақ бойынша экскурсия

1

1

7

«Олимпия» спорт мерекесі

2

2

8

«Қыстың қызықтары»

1

9

 «Ұлтық ойындар» бекеттік ойын

1

1

10

Жаяу серуендеу

1

1

11

Катамарандармен жүзу

2

2

12

Арқан паркі

2

13

Коньки тебу, шаңғы тебу, плюшка

2

14

Топтық көп сатылы жарыстар

1

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан: – Дене мәдениеті адам ағзасына пайдалы әсер етеді, өзіне деген сенімділікті күшейтіп ақыл-ой мен физикалық денсаулықты қалпына келтіреді, – деген қорытынды жасауға болады.

Мархат Бауыржанұлы НЫҒМАТ,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының дене шынықтыру мұғалімі,
Ақмола облысының Бурабай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий