Тау-кен ісі: Кәсіби білім беру бағдарламасы

Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде еңбек нарығын, білім беру мен оқыту жүйесін дамыту, жұмысшылардың біліктілік деңгейін көтеру қажеттілігі артып келеді, бұл адами капитал сапасының өсуіне әкеледі. Мұнай мен газ саласындағы болашақ мамандықтардың бірі роботтехникасы маманы болып табылады. Бұл жан-жақты маман: инженер, кибернетика және бағдарламашы. Ол механиканы, бағдарламалауды, автоматты басқару теориясын, автоматты жүйелерді жобалау теориясын білуі керек.

Құрастыру дағдыларын меңгеруі және қолмен жұмыс жасап білуі керек, мысалы, ортадантепкіш электр сораптары (ОТЭС) жұмысында дәнекерлеумен және тағы да басқалар. Мұның бәрі тек үйреніп қана қоймай, сонымен бірге өзіне қабылдау керек және мұның барлығын жүйелі біріктіруге болатындығын сезіну керек, бірақ қазіргі еңбек нарығында мұндай ойлы әрі жан-жақты кемелденген әмбебап мамандар аз. Ірі жобаларды жүргізетін алпауыт мұнай-газ компаниялары үшін өндіру, газ жою нысандарын салу, модернизациялау немесе қайта құруда тәжірибесі бар қызметкерлердің болуы өте маңызды.

Әртүрлі бағыттар бойынша жобаларды басқарумен айналысатын қызметкерлер сұранысқа ие: жобалау инженерлері, технологтар, шығындарды жоспарлау және бақылау саласындағы мамандар. Бүгінгі таңда күрделі салымдардың тұрақты өсуі мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюымен қатар жүрмейді, яғни технологиялық дамудың және инновациялық технологиялардың енгізілуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсу шегіне біртіндеп жету процесі жүреді. Технологиялық жаңғыру қазіргі заманғы технологиялық база және білікті кадрлар болса да, қажетті нәтижеге әкелмеу мүмкіншілігінің болмауының шынайы қаупі туындайды.

Өйткені кәсіпорынды басқарудың тиімділігін арттыру міндеті екінші жоспарға қалады. Сондықтан кәсіпорынды басқарудың дәстүрлі құрылымын өзгерте алатын мамандар даярлаудың өзектілігі жоғары. 6В07210-Мұнайгаз инжинирингі білім беру бағдарламасы осындай маман даярлауды жүргізеді. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдан бастап жылдық өндірудің оң динамикасы байқалды.2016 жылдың соңында, Қашаған іске қосылғаннан кейін, отандық мұнай өндіру жаңа деңгейге көтерілді.2017 жылы жылдық мұнай өндіру 8 млн. тоннадан 86,2 млн. тоннаға дейін; 2018 жылы 4 млн тоннадан 90,36 млн тоннаға дейін өсті.2017 жылы Теңіз кенорнын болашақта кеңейту жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Қашаған кен орнын игерудің бірінші кезеңінде өндірісті одан әрі кеңейту үшін төрт жыл бұрын дайындық және жобалау жұмыстары басталды. Жобаның аясында 1-кезеңдегі өндіріс көлемі 2022 жылы тәулігіне 420 мың баррель мақсаттық деңгейіне жетуі мүмкін. Теңізде геологобарлау үшін артықшылықтар жасау 2018 жылдан бастап Исатай теңіз жобаларын; «ҚазМұнайГаздан» және ENI серіктесі жағынан Абай; сонымен қатар «Қазмұнайгаз» және «Лукойл» қатысатын Жеңіс блогын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік берді. Теңіз жобаларымен қатар еліміздің болашағы аз зерттелген аумақтарында геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жоспарлануда.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасы (2020 жылы қабылданатын) әзірленуде. Бес болашағы зор бассейнді – Арал, Сырдария, Ертіс, Шу-Сарысу, Солтүстік-Торғай- зерттеу үшін мемлекеттік инвестициялар қарастырылады. Бассейндер туралы ақпарат деңгейінің артуы болашақта жер қойнауын пайдалануға жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты YU алдында аймақтың бизнес-процестеріне тартылатын, оның әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін адами ресурстардың заманауи талаптарына сәйкес келетін мұнай-газ саласындағы бәсекеге қабілетті және креативті мамандарды даярлау міндеті тұр.

БББ кәсіби құзыретіне негізгі, базалық және арнайы құзыреттер кіреді. Негізгі құзіреттіліктер азаматтық қоғамда ақпараттық, коммуникациялық, әлеуметтік-құқықтық принциптерді қолдануға негізделген кәсіби мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Базалық құзыреттіліктер нақты кәсіптік қызметтің ерекшеліктерін көрсетуге көмектеседі. Ал арнайы құзыреттіліктер, өз кезегінде, белгілі бір пәннің немесе пәннен тыс кәсіби қызметтің саласының ерекшеліктерін көрсетеді. БББ 6В07210 «Мұнай газ инжинирингі» міндеті мұнай және газ саласындағы жұмысшылардың жұмысқа орналасу және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту үшін білім сапасын арттыру.

Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламасы кәсіби қызмет ретінде ғылыми-зерттеу, жобалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және өндірістік технологиялық практикамен шұғылдануға тиісті мұнай мен газ инженерлері мен технологиялары бойынша мамандар даярлауға бағытталған. Мақсаты: Маңғыстау және еліміздің Каспий өңірлеріндегі кәсіпорындарға кәсіптік қызмет саласында көшбасшы бола алатын және заманауи мұнай өндірісінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын құзыреттіліктері бар, мұнай-газ саласындағы жоғары білімді бәсекеге қабілетті, шығармашылық кәсіпқой кадрларды, мұнай-газ саласындағы инженерлік, шығармашылық кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін құзіреттілікке негізделген білім беруді іске асыруды қамтамасыз ететін оқыту нәтижелерін қалыптастыру.

Мұнай мен газ инжинирингі білім беру бағдарламасы патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, сыйластық, ынтымақтастық, ашықтықты базалық құндылық ретінде анықтайды. БББ оқытудың нәтижесі – күнделікті кәсіби жұмыс үшін қажетті жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер бойынша кең білімі бар тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, дүниетанымы мен ойлау мәдениеті, заманауи технологиямен жұмыс жасау дағдылары, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу, жаңа білім алу дағдыларын меңгеру.

Мұнай мен газ инжинирингі білім беру бағдарламасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының (04.07.2018 жылғы өзгертулері мен толықтыруларымен); «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 қаулысы; Еуропалық Парламент пен Кеңес қабылдаған 2008 жылғы 22 сәуірдегі «Еуропалық біліктілік жүйесі» ;Әлеуметтік серіктестік және мұнай-газ саласының әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2019 жылғы 28 маусымдағы № 2-2019 хаттамасымен бекітілген «Мұнай мен газды барлау және өндіру» салалық біліктілік шеңбері.

Кәсіби стандарт: Ұлттық палата Басқарма Төрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітілген ҚР кәсіпкерлері «Атамекен» 27.12.2013ж № 266 «Мұнай мен газды өндіру технологиясы», «Ұңғымаларды зерттеу», «Мұнай мен газды дайындау және айдау», «Ұңғымаларды жер асты жөндеу», «Қабат қысымын қолдау», «Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану»; «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығы; Ғылыми Кеңес шешімімен бекітілген (25.02.2019ж № 8 хаттама) Yessenov University бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу ережесі негізінде әзірленді.

Құзіреттілік әрдайым қызметте көрінеді. Маманның кәсіби құзыреттілігі кәсіби мәселелерді шешу кезінде көрінеді. Мұнай мен газ инжинирингі білім беру бағдарламасының мақсатына жетуі келесі мәселелерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі: жеке және кәсіби құзіреттіліктерді дамыту; мұнай-газ ісі саласындағы білім, біліктілік және дағды алу; мұнай-газ саласындағы жұмыс теориясы, технологиялық жабдықтың сенімділігі, гидромеханика және термодинамика, өндірістік процестерді басқару және автоматтандыру, ресурстарды үнемдеу технологиялары және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі туралы ұғымдардың болуы; мұнай-газ кешені нысандарын топтық және жеке жобалауға арналған қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды білу; кәсіби деңгейде шет тілін меңгеру бойынша.

Және бұрғылаудың, көмірсутекті өндірудің, дайындаудың, тасымалдаудың және сақтаудың технологиялық режимдерінің есептерін жүргізу және тиімдісін таңдау құзіреттілігі; қазіргі заманғы диагностика, мұнай-газ кешенінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелерін білу; жалпы мәдени, жалпы кәсіптік және кәсіптік құзіреттіліктерге ие, осы аймақтың ерекшелігін ескере отырып, еңбек нарығында оның әлеуметтік ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; білім алушылардың әлеуметтік-жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру: айқындық, ұйымшылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, азаматтық, коммуникативтілік, патриотизм, толеранттылық.

БББ еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруға қабілетті, бұл өз кезегінде сапалы маман дайындығын қамтамасыз етеді.Бұған теориялық курсты тәжірибелік жұмыс дағдыларымен нығайтуға мүмкіндік беретін заманауи оқу базасы және өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық көмектеседі. Тәжірибе өту орны қазіргі заманғы техника мен ресурстарды үнемдеу технологияларын, жаңа, заманауи, озық материалдарды қолданатын мұнай-газ кешенді кәсіпорындар болып табылады. Тәжірибенің негізгі базалары болып келесі кәсіпорындар аталады. 

Олардың қатарында – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «КБМ Инжиниринг Қазмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз өндіруді барлау» АҚ, «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС, «Кен-Сары» ЖШС, «Аңсаған» ЖШС, «Кезби» ЖШС, «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС, «ОйлСервисКомпании» ЖШС, «ОйлСмарт Технолоджис» БК ЖШС және тағы да басқа әлеуеті зор мекемелер бар.  Университетте білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау үшін мұнай инженерлері қауымдастығының бағдарламалары SPE және дуальды оқыту ұйымдастырылған.

SPE аймақтағы көптеген операторлармен және сервистік компаниялармен байланыс жасайды және YUмен ғылыми ынтымақтастықты үйлестіруге көмектеседі. Сонымен қатар, SPE қауымдастығы студенттерге ұлттық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысуға үнемі қаржылық қолдау көрсетеді. Қазақстан үшін дуальды оқыту – бұл кәсіптік білім берудің практикалық және теориялық компоненттерін біріктіретін мамандар даярлаудың жаңа формасы. 2019 жылдан бастап университет дуалды білім беру бағдарламасын енгізді. Бұл жүйеге сәйкес мамандарды даярлау бір уақытта екі бағытта жүзеге асырылады – теориялық және тәжірибелік.

Оқу уақытының 1/3 бөлігі ол университетте базалық білімді алады, ал 2/3 – дағдыларды өңдейді және «Бургылау» ЖШС, «Мұнайфилдсервис» ЖШС өндірісінде маңызды тәжірибе алады. Университетте оқудың бір факторы – ақылы білім беру қызметі. Ақылы жоғары білім белгілі бір стандарттарға сәйкес келуі және студенттердің оның сапасына қанағаттануы жағдайында болуы керек. Өйткені ол жоғары оқу орындарын бәсекелестік жағдайында білім беру қызметтерінің нарығын үнемі бақылап отыруға және олардың сапасын жақсартуға мәжбүр етеді.

Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда Ш.Есенов атындағы КМТИУда 6B07210 «Мұнайгаз инжинирингі» БББ бойынша оқуға ақы төлеу әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы халық талапкерлеріне қол жетімді, бұл YUде оқудың артықшылығы болып табылады. Түлектерге жұмысқа орналасуды ұлғайтуға және жан-жақты мүмкіндіктерді кеңейтуге және басқа да бағыттар бойынша дағдыларды игеруге арналған MINOR бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарлама әр түрлі оқу салаларындағы студенттерге «Мұнайгаз инжинирингі» БББ негізгі арнайы пәндерін игеруге мүмкіндік береді. Ол үшін БББ нарықтың қажеттіліктерін ескеретін пәндерді ұсынады. Мұнай және газ саласындағы мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін бізде кең кітапхана қоры және бірегей.

Бізде еліміз бойынша жалғыз ашық аспан астындағы оқу-әдістемелік кешен түріндегі қуатты материалдық-техникалық база бар. Университетте білім беру бағдарламасын игеру үшін ғылыми-зерттеу зертханалары бар «Мұнай өндіру техникасы мен технологиясы», «Ұңғы өнімін жинау, дайындау және тасымалдау жүйесінде мұнайгаз жабдықтарын тоттанудан қорғау», «Ұңғыны бұрғылау технологиясы», «Бұрғылау және мұнай өндірісі жабдықтары», «Қабаттың мұнай бергіштігін арттыру техникасы мен технологиясы», Мұнайгаз мамандықтарының виртуалды зертханасы. Жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кенорындарды модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді және тағы да басқа мүмкіндіктер арқылы зертхананы жетілдіру жоспарлануда.

Ақмарал Итемгенқызы КОЙШИНА,
Шахмардан Есенов атындағы КМТИУ аға
оқытушысы, PhD, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий