Қашықтан оқытудың мүмкіндіктерін меңгерудеміз

Елімізде болып жатқан қауіпті індетке байланысты, оқушылар –қашықтан білім алуға көшті. Бұл адам денсаулығы үшін дұрыс шешім. Сондықтан осы орайда ұл-қыздарына қолдау көрсетіп, барлық мүмкіндікті жасап отырған – ата-ана. Оқимын деген бала ешқандай кедергіге, қиындыққа қарамай болашағы үшін ізденіспен ұмтылуда. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс үнемі тығыз қарым-қатынаста және үздіксіз болуы керек. Бұл ынтымақты бірлік баланың білім алуына үлкен үлесін  қосады.

Қазіргі таңда  білім алу «online», «offline» түрінде өткізуде. «online» режімінде сабақты (бейнеконференция, электрондық почта, интернет желісі арқылы телефонмен ақпараттарды алмасу)жүзеге асады. .Бейнеконференция ұйымдастыруда тақырып бойынша түсініп ұстазымен сұқбаттаса отырып, тапсырманы меңгеріп, өз ойын жеткізе алады. Бейнеконференция әртүрлі платформаларда жүзеге асады. «Sphere», «Googl Meet», «ZOOM» және тағы да басқалар бойынша. Оқушылар «Online Mektep» арқылы кері байланыс жасайды.

Бітіруші 9-11- сыныптар «Offline» режімінде білім алуда. Әрбір мектеп санитарлық талапқа сай антисептикалық құралдар, бетперде, кварц сәулесін қолданып жұмысты жалғастыруда. Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда жастардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің басқа да себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

Елімізде коронавирус қауіпті індетінің таралуына байланысты, еліміздің белгілі қамқоршы жанашыр азаматтарымыз көп балалы, аз қамтылған отбасылырына көмектесіп қамқорлық көрсетіп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықтың сан түрлі сұрақтарына, кейбір ауылдық аймақтарда интернет желісінің баяулығына кейбір мектептердің компьютермен толық қамтамасыз етуін тағысын тағы бәріне назар аударып, мәселенің шешімін тапты. Интернет желісі баяу ұстайтын өңірлерге ыңғайлы болу үшін «Balapan», «Еларна» телеарналарына арнайы сабақтар түсіріп, көрсетіп атсалысты.

Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай ғаламтор жабдықтарын  ескерді. Еліміздегі үш миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Осыған дейін ұстаздың қарсы алдында  сабақ алған оқушы алғаш рет компьютер мен телефонға үңілмек. Қазіргі таңда мұғалімдер шәкірттерді жаңаша оқытып келеді. Оқушылар үшін екі мыңнан астам телесабақ әзірленген. Қашықтан оқу – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен арнайы жүзеге асырылды.

Онлайн оқыту компьютерге немесе интернетке қосылған  гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру.Онлайн-білім беру оқушыларға білім беру тобына толығымен енуіне мүмкіндік береді: оқып берген дәрісті тыңдау, тапсырмаларды уақытында орындау, мұғалімдермен сұқбаттасу және әлеуметтік желіге қосып сыныптастармен сөйлесіп, пікір алмасу. Қашықтан оқыту – түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. Қашықтан оқыту тек шәкірттердің ғана емес, ата-аналардыңда белсенделігі артып, «Onlaine» форматта жиналыстарға қатысуда.

Қазіргі таңда ата-аналар ұстаздың мәртебесін бағалап, өздерінің жүрекжарды ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтады. Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді. Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы: талапқа сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану; белсенді әрекеттесу формалары; сапалы білім алу; уақытты тиімді үнемдеу; ыңғайлы уақытта оқу; шектеулер жоқ;

Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйе барысында мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Бұл білім беру жүйесінде оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстар,тәрбиеге қатысты жұмыстарды бәрін ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түсіп, өзгереді. Қашықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.

Айман Зинатдиновна НУРБАЕВА,
№149 ЖББ мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі, Алматы
қаласының Алатау ауданы
                                                           

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий