Бастауыш сынып: Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым – жетілдіруге бағытталған. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттеп, түсіну үшін барлығымызда арнайы курсқа барып, бағдарлама туралы алғашқы қадам жасап білімімізді толықтырдық. Сондай-ақ, күнделікті педагогикалық іс-тәжірибемде қолданыс шеңбері кеңейе түсті.

Расында да, осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушылары болсақ та, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетіп, іске асыру барысында қиындықтар кездесуде. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; тәжірибе жасау; АҚТ –ны қолдану; коммуникативті қарым-қатынасқа түсу; жеке; жұппен; топта жұмыс жасай білу; функционалды сауаттылықты; шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана біліп,осындай кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. «Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру жолдары» тақырыбын таңдау мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; белсенді іс-әрекетке бағыттау; функционалды сауаттылықты тиімді жүзеге асыру; тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімнен үйрену; өз іс-тәжірибеммен бөлісу. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз-оқытуды ұйымдастырудың басты формасы. Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – тәсілдерді қолдана білу. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды.

Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткізу: белсенді оқу түрлерін жиі қолдану; сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; сабақты түрлендіріп өткізу; сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану; интерактивті тақтамен слайдтарды тиімді қолдану; сабаққа қатысты бейне таспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттіміз: өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланды; шығармашылық ізденіске жетеледі; өз ісіне деген сенім пайда болады; әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренді; салыстыруға, қорытынды жасауға үйренді; шығармашылдық белсенділіктері артты; сөздік қорлары молайып, өз ойларын жеткізіп, дәлелдейді. Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.

Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе , жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді.

Себебі, тыңдалым дағдысының алты жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.

Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.  Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Асел Абугалиевна ЖУМАБАЕВА,
№ 6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі, Ақтөбе
облысының Темір ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий