Ілияс Есмағамбетов, “Спутник V” вакцинасын әзірлеушілердің бірі: Ғылым ұдайы дамуды қажет етеді – жаңа әдістерді игеру, әдебиет оқу

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушылары мен қызметкерлерінің Covid-19-ға қарсы “Спутник V” вакцинасын әзірлеушілердің бірі, биология ғылымдарының кандидаты Ілияс Есмағамбетовпен онлайн кездесуі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Ілияс Есмағамбетов – биотехнолог, молекулярлық биолог, Н. Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының қыметкері, әлем бойынша коронавирусқа қарсы тіркелген алғашқы вакцинаны әзірлеушілер қатарында.

– Ғылым ұдайы дамуды қажет етеді: жаңа әдістерді игеру, әдебиеттерді оқу, – дейді жас ғалым. Осы жылдың ақпан айында басталған “Спутник V” вакцинасымен егілу науқанымен тұспа-тұс келген маңызды кездесуді биология пәнінің мұғалімі Оксана Шаманова жүргізді. «Вакцинаны әзірлеу кезінде ең көп қиындық тудырған не?», «Неліктен вакцина “Спутник V” деп аталады?», «Бұл вакцина қанша уақытқа ауруға төтеп береді?», «Аллергиясы, аутоиммунды аурулары бар адамдарға вакцина жасауға бола ма?» – кездесу барысында осы және басқа да сұрақтар қойылды.

– Әдетте, екпенің бірінші компоненті енгізілгеннен кейін 38° дейін температура көтерілуі, дененің ауырсынуы, бас ауруы мүмкін. Бұл – ресми ақпарат және құпия болған да емес. Бұдан бөлек ешқандай елеулі белгілер байқалған емес, меніңше, алдағы уақытта да болмайды, – деп жауап берді Ілияс Болатұлы көпшілікті толғандырған сұраққа.

«Егілу қажет пе, жоқ па?» деген бүгінгінің басты сауалының да жауабы берілді: ғалымның айтуынша, бұл әрбір адам өзі жеке қабылдайтын шешім. Дегенмен, вакцинацияның басты міндеті адамды арашалау ғана емес, аурудың өзгелерге таралуын болдырмау екендігін айрықша атап айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий