Эмоционалдық зияткерлікті дамытудың жайы

Әр оқушының қызығушылығын үнемі белсенді ұстап отыру үшін қашықтан оқыту кезінде мұғалімге қандай дағдылар керек? Әрине, ақпаратты сауаттылық дағдылары. Қашықтан оқыту кезінде  өзіне деген сенімділігін ұлғайтып, оқушылары үшін ең үздік мұғалім болу үшін  не істеуі керек? Әр адамның өз қалауымен жасалған әрекеті ғана эмоционалды зияткерлікті дамытады, сенімді ұлғайтады. Өз эмоцияңызды түсіну үшін өзіңізге мына сұрақтарды  қойып жауап беріп  көріңіз.

Өзіңіздің эмоцияңызды түсініңіз. Сұрақ: Мен нені қалаймын? Осы қалаған нәрсем  не себепті мен үшін маңызды? Заңдылық: дәл осы сәтпен рахаттанып үйреніңіз. Талдау: Өйткені сіз осы сәтке қанағаттанғаннан басқа, ештеңе жасай алмайсыз. Эмоцияны басқарып  үйреніңіз. АКТ ны қолдануды үйренуге уақыттың тығыздығы мен тез шешімдер жасауға әкелген қашықтан оқыту жағдайы – эмоцияны мазасыздыққа апарады. Сұрақ: мен үшін осы нәрсенің пайдалы жағы не болуы мүмкін?

Заңдылық: Шынайылық. Талдау: Әр нәрсені мүмкіндік деп қарап пайдалы және көлеңкелі тұстарын анықтап ортағын нақты шығарыңыз. Мысалы: қашықтан оқыту жағдайында сізде қандай мүмкіндіктер пайда болды? Эмпатияға қабілетті боп үйреніңіз. Оқушының орнына өзіңізді қойыңыз. Сұрақ: олардың орнында болсам мен нені қалар едім? Заңдылық: әділ болыңыз. Талдау: Өзіңнен күтпегенді өзгелерден де күтпеңіз. Ол сізде мықты әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Өзіңіздің ішкі уәжіңізді реттеңіз. Сұрақ: мен бұл әрекетті орындай алатыныма не себепті сенімдімін?

Заңдылық: Күнде алдыңызға өз жұмысыңызды орындау мақсатын жоспарлаңыз. Талдау: Күн сайын жүйелі түрде не істеу керек деп ойланыңыз. Ол үшін бүгін не жасаймын? деген сұраққа жауаптар жазуды әдетке айналдырыңыз. Заңдылық: өз тәжірибеңізге көз жеткізіңіз. Талдау: бұл кейде өз тәжірибеңнің құрылымы шегінде сіз бәрібір бірдеңе жасай алатыныңа көз жеткізу үшін маңызды. Енді не жасауым керек? деген сұрақ қана сізді мақсатыңызға ойландыртады. Заңдылық: өз шегіңізді ғана белгілеңіз.

Талдау: яғни, қазіргі деңгейіңізден төмен түспеу және дәл қазіргі сәтіңізден сәл жоғары болуға тырысыңыз. Кіммен талдаймын? деген сұрақ сіздің енді жасайтын іс-әрекетіңізді реттейді. Заңдылық: үйрену қағидаты. Талдау: менен бұрын осы мәселелерді шешкен адамдар бар ма? Сол нәтижені қайталап үйреніп жасап көріңіз, сонда сол нәтижеге сіз де жетесіз.  Не жасалды? деп әрдайым өзіңізден сұрап отырыңыз. Заңдылық: өзіңіз туралы өзіңізден артып ештеңе ойламаңыз.

Талдау: «Мен бұдан да жақсы жасауға тырыстым! Бірақ қандай нәтижеге де келісемін. Осылай болғанына да қуаныштымын!»-деп қуана білуге үйреніңіз. Бұл  сұрақтардың жауаптарын күнде жоспарлы жазып отырыңыз. Осы әрекет қадамдарын жасау арқылы сіздің эмоционалдық зияткерлігіңіз реттеледі. Өйткені, Сіз  күнде жаңа ақпарат алу арқылы танымыңыз ұлғаяды. Әр күні мақсатыңызға жеткеніңізді көру сізді қуаныш сезіміне әкеледі.

Анаргүл Карасаевна САПАРОВА,
Педагогикалық шеберлік орталығы
Атырау қаласындағы филиалының аға менеджері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий