Медиациялық қызметті дамыту – заман талабы

Silkway Халықаралық университетінің «Ғылым және инновациялар» бөлімі және «Өркениет» ақпараттық-әдістемелік орталығы бірлескен түрде жуырда Шымкент қаласында «Кіріктірілген білім болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы вебинар ұйымдастырылды. 

Вебинар жұмысына Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Орал қалалары білім мекемелерінен кәсіби мамандар мен студенттер қатысты. Silkway Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Б. Жакипбаевтың құттықтау алғы сөзімен вебинар жұмысы басталды. Ол өз сөзінде вебинар жұмысының мақсатын атап өтті. Сонымен қатар, Silkway Халықаралық университетінің студенті Наурызбай Талғаттың 2020 жылы Б.С.Юнусов атындағы Білім грантын иеленген «Кіріктірілген білім болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы жобасы осы вебинарда презентация жасалып, медиациялық қызметіне арналған құқықтық сайты іске қосылатынын хабарлады.

Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде Ұлы Дала тарихында да медиация институты ерекше орын алатынын, біздің де бұл механизмді “Бабалар мұрасы” деп атауға толық құқығымыз бар екенін айта келіп, кешегі даладағы билер соты дәл осы медиация принциптеріне негізделгеніне тоқталды. Келесі кезекте сөз алған «Қазақстан медиаторлар одағы», кәсіби медиаторы Мурзагулова Бахитгуль Кисимбаевна  (Нұр- Сұлтан қаласы) баяндамашы «Медиаторлық қызмет – татуластыру механизмі» тақырыбымен өз ойын ортаға салды.

Медиация – негізінен азаматтық, оның ішінде білім, денсаулық саласында, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылалады. Жүргізудің қағидаттарының қатарында еріктілік; құпиялық; өзара сыйласушылық; тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы бар, – деді өз сөзінде баяндамашы.

«Өркениет» ақпараттық әдістемелік орталығының төрайымы Коздибаева Абила Коздибаевна (Шымкент қаласы) осы вебинарда аталмыш жобаның алдағы уақытта жүзеге асырылатын салаларын атап көрсетті. Олардың ішінде Silkway Халықаралық университеті базасындағы «Медиациялық қызмет» орталығында студенттерге тегін құқықтық кеңес беру 2021 жылдың наурыз айынан бастап, 2022 жылдың мамыр айы аралығында айына 1 рет Online форматында «Медиатор сағаты» өткізілетінін атап көрсетті.

Сонымен қатар баяндамашы вебинар қатысушыларына аталған жоба аясында оқу орындарда болашақ заңгер мамандығына даярлайтын оқу жоспарларындағы қосымша білім беру сағаттары есебінен енгізілетін «Медиациялық қызмет» арнайы курс бағдарламасы жайлы айтып өтті. Жоба аясында жасалған «Медиациялық қызмет» білім беру бағдарламасы 3-ші курс студенттеріне 72 сағат көлемінде 2021-2022 оқу жылында ұсынылғалы отыр. Жобада пайдаланылатын ғылыми әдістердің белгіленген мақсаттарға жету жолдарын мен таңдап алынған әдістер оқытудың дидактикалық принциптеріне негізделген.

Кіріктірілген бағдарлама «Мәңгілік ел» идеялогияларымен сәйкес келетін бірнеше құндылықтарды негізге алады. Олар: құрмет, әріптестік, азаматтық жауапкершілік, ашықтық,  өмір бойы білім алу. Белгіленген құндылықтар аясындағы жобаның мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғалық кәсіби құзыреттілігі дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады, – деді баяндамашы сөз соңында.

Бибол Ермұратұлы ЖАҚЫПБАЕВ,
Silkway Халықаралық университетінің
ғылым және инновациялар жөніндегі
проректоры, PhD

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий