Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушыларға екі рет мүмкіндік берілетін болды

Тестілеу процесін цифрландыру бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, бұл тест тапсырушылардың өздері үшін ыңғайлы болуы. ҰБТ бұрынғыдай 7-10 күн өтпейді, тестілеудің өткізілу мерзімі ұзартылды. Тағы бір тиімді тұсы – тестіленуші емтихан тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдай алады. Талапкерлер бұрынғыдай 1 ғана мүмкіндік емес, бірнеше мүмкіндікке ие болады. Нақтырақ айтсақ, тестіленуші ҰБТ-ны 2 рет тапсыра алады, – деп хабарлайды ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Тағы бір артықшылығы, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады және нәтижемен келіспеген жағдайда апелляцияға бірден сол күні тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде беру мүмкіндігі қарастырылған. Тестілеу “бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера” принципі бойынша компьютерлерді пайдалана отырып, электрондық форматта өткізіледі. Тестіленуші жеке компьютерде отырып, ҰБТ тапсырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді: тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы жабық VPN желісі арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің МТҚ (мемлекеттік техникалық қызмет) арқылы тестілеуді өткізу үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамалар сырттан араласу мүмкіндіктеріне қосымша тексеріледі. ҰБТ-ның электронды форматы объективтілік пен академиялық әділдік жағынан бірқатар артықшылықтарға ие, атап айтқанда: нұсқалардың бірегейлігі; дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігі. Тестіленушінің нұсқасы оның қосымшада авторизация жасаған кезде ғана кездейсоқ таңдау әдісі арқылы қалыптастырылады.

Сұрақтардың дұрыс жауап нұсқалары жоғарыда айтылған әдіс негізінде бөлінеді. Кездейсоқ таңдау әдісін қолдану тест нұсқаларының бірдей болу ықтималдығын, сондай-ақ түсушілердің дұрыс жауап кодтарының сәйкес келу ықтималдығын болдырмайды. Талапкер грантқа түсу үшін ҰБТ-ны екі рет сәуір, мамыр және маусым айларында тапсырып, ең үздік нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Бұл ретте пәндердің саны өзгеріссіз қалады: үш міндетті және таңдауы бойынша екі бейіндік пән. Тест тапсырмаларының саны – 120, ең жоғары балл – 140.

Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут). Карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап сақталатын болады: ғимаратқа кіргізу маскалық режимді сақтай отырып, кемінде екі метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады; әрбір тестіленуші дезинфекциялық іс-шаралардан өтеді; әр түлектің оргәйнекпен қоршалған өз орны болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий