Қашықтан оқыту сәтті жүзеге асырылуда

Қашықтан оқыту – дегеніміз бұл, кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіруі. Біздің университетімізде мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіріп, білім беруге жаңа технологиялар енгізілді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сол себепті университетімізде әрбір оқытушы өздерінің жүргізетін пәндерінен контент жасап, студенттерге дәріс, тәжірибелік сабақтарын электронды түрде білім алу деңгейін көтеруге үлес қосуда.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру біздің кафедрамызда 2020 жылы наурыз айында шұғыл түрде бүкіл әлемдегі індеттің себебінен жүзеге асырыла бастады. Университетімізде қашықтан оқыту қиындықсыз (Zoom,Classroom)зум,классрум арқылы оқытыла басталды, ауылда тұратын студенттеріміз интернет желісі болмағандықтан зум арқылы жүргізілген сабаққа қатыса алмады. Сол себепті кафедрамыз интернет желісі нашар, мүлдем жоқ ауылдағы студенттерге сабақтарын ватсап арқылы оқуға мүмкіндік берді. Қашықтан оқыту кезінде тәжірибелік сабақтар классрум арқылы жүргізілді.

Дәріс сабақтарын электронды түрде студенттерге оқытушылар классрумға жүктеп отырды. Студенттердің жазғы емтихандары классрум арқылы қабылданды, кейбір студенттер өздерінің семестр бойынша жинақтаған балын қойып беруіне келісім беріп, емтихан тапсырудан босатылды. Елімізде қазіргі таңда қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі – студенттердің университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Қашықтан оқудың қиыншылық туғызған жағдайларын айтатын болсақ, осы 2020-2021 оқу жылында университетімізге түскен бірінші курс студенттеріне бейімделу қиынга соқты. Себебі мектеп партасынан шыққан балаларымыз университет қабырғасындағы кейбір жағдайларға, жаңа аталуларға бейімделу қиын болды, кейбір терминдерге түсіне алмай жатты. Кафедрада бірінші курстарға бекітілген кураторлар зум арқылы куратор сағаттарында барлық жағдайларды түсіндіріп мүмкіндігінше қолдау көрсетті.

Сол себепті, ата-аналарының сұраныстарына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші курс студенттері екінші семестрін жартылай дәстүрлі, жартылай қашықтан оқытуға рұқсат берді. Айта кетсек, университетімізде қалада тұратын студенттердің көпшілігіне үйлерінде интернет желілері қосылмаған жағдайда, компьютерлік сыныптарда ақысыз оқуға мүмкіндік жасалды.

Заида Шахмугамбетовна МАХИТОВА,
Дулати университетіндегі мұнай газ ісі
кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий