Экологиялық тәрбие беру жолдары

Соңғы уақытта білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық тәрбиесі мәселесіне ерекше назар аударылуда. Экологиялық білім берудің басталуы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  бастау алады, бастауыш және орта мектепте бұл мәселе «Жаратылыстану», «Биология», «Экология» және «География» сияқты оқу пәндерінде интеграцияланған түрде қарастырылады. Оқушылардың табиғаттағы дұрыс мінез-құлқын қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі қосымша білім беру жанындағы аймақтарда оқу экологиялық соқпақтарын немесе табиғатқа этно экологиялық соқпақтарын жасау болып табылады.

 

Экологиялық соқпақ – табиғат қорғау құндылығы бар әртүрлі табиғи объектілер арқылы өтетін арнайы жабдықталған маршрут болып табылады. Бұл гүлзарлар, мектеп саябағындағы жеке ағаштар, жақын жерде орналасқан ағын су немесе жартастар, сондай-ақ басқа да көптеген табиғи нысандар болуы мүмкін, оларды зерттеу оқушыларға қоршаған орта туралы білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай бағыттарда ұйымдастырылатын экскурсиялар мұғалімдерге мектеп материалын ұзақ уақыт түсіндіруді алмастыра алады.

«Жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген жақсы» деп бекер айтылмаған. Сонымен қатар, көрнекі ортада алынған ақпарат бірнеше есе жақсы есте қалады. Бір қарағанда, экологиялық соқпақты ұйымдастыру тек мұғалімнің ісі болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Ол өз оқушыларын осы жұмысқа тарта алады, олар бұрыннан бар білімнің көмегімен оны құруға көмектеседі. Экологиялық білім мен тәрбие берудітиімді ұйымдастыруда педагог терең ойластырылған түрлі іс-шараларды жүйелі ұйымдастырып отыру қажет.

Осындай жұмыстардың қатарында аймақтарда табиғат аясына экологиялық соқпақтарды құруда бірнеше қадамдар бар: аумақты зерттеу; негізгі тоқтайтын нүктелерді анықтау; маршруттың ұзақтығын анықтау. Оқу экологиялық соқпағының максималды ұзақтығы 3 сағаттан және  2 шақырымнан аспауы керек екенін есте ұстаған жөн. Төртінші – қадам.  Соқпақ сипаттамасы. Бұл кезеңде экосоқпақтардың тақырыптық бағыты анықталады, яғни оны өту кезінде қарастыруға болатын мәселелер, бұл ботаникалық, зоологиялық, ландшафтық-геологиялық, экологиялық тақырыптар болуы мүмкін.

Бесінші – қадам. Соқпақтарды ұйымдастыру. Бұл кезеңде олар экологиялық жолдың төлқұжатын жасайды, оның сызбасын, бағытын дайындайды, ақпараттық стендтер мен көрсеткіштерді орналастырады. Бұл жұмысты тек өз білімін ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де көрсете алатын оқушыларға жүктеуге болады. Оқу экологиялық соқпақтарын ұйымдастыру оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, олардың табиғатқа ұқыпты қарауын тәрбиелеу сияқты маңызды міндеттерді шешуге ықпал етеді, бұл қазіргі әлемде өте маңызды.

Экологиялық тәрбие жұмысының жаңа және қызықты түрі- табиғатта арнайы оқу маршрутымен жабдықталған экологиялық соқпақ ұйымдастыру. Соқпақтың мәні әр түрлі: 4-7 жастағы балалармен тәрбие – білім беру жұмыстарын жүргізу, орта және жоғары сынып оқушылары үшін танымдық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру. Сонымен қатар, білім берудің барлық деңгейі бойынша педагог қызметкерлермен және балалардың ата-аналарымен ағартушылық жұмыстарын жүргізу.

Соқпақ жұмысын ұйымдастыруды экологиялық нысандарда жұмыс маршруттарын қағаз бетіне түсірумен басталады. Үлкен ватман қағазына соқпақ ұйымдастырылатын аймақта жүргізілетін жұмыстар мен қызықты табиғат нысандары түсіріледі. Қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес, соқпақ мүмкіндігінше әр түрлі ландшафттарды кесіп өтетін етіп салынуы керек, мысалы: өзен жағасы, төбе, шалғынның белгілі бір бөлігі және тағы да басқалар. Соңғы жылдары қосымша білім беру жүйесінде экологиялық соқпақты ұйымдастыруға айрықша назар аударылып келеді.

Олар экологиялық бағытта, этно-экологиялық және басқа да бағыттарды негізге алып ұйымдастырылады. Бұл жергілікті жердің табиғат ерекшелігімен де тығыз байланысты.  Ересектер мен мектеп оқушыларын оқыту үшін қолданылатын нақты экологиялық жолдар немесе соқпақтар, әдетте, табиғи ландшафттарда орналасады, едәуір ұзақтығымен сипатталады және үлкен мазмұнды жүктемеге ие. Қосымша білім беру ұйымдарында экологиялық соқпақтар танымдық, дамытушылық, эстетикалық, сауықтыру функцияларын атқарады. Экологиялық соқпақтың маршруты мен объектілерін таңдаудың негізгі критерийлері – оған мүмкіндігінше алуан түрлі және баланың назарын аударатын объектілерді қосу мен балалар үшін қол жетімділігі.

Соқпақтарды құру және ресімдеу кезеңдеріне тоқталсақ. Соқпақтарды құру бойынша әрекеттер тізбегі келесідей болуы мүмкін: аумақты егжей-тегжейлі зерттеу және ең қызықты нысандарды бөлу; маршрутты және оның барлық объектілерін түсіре отырып, соқпақтың картосхемасын жасау; альбом (паспорт) түрінде ресімделген объектілерді суретке түсіру және схема бойынша барлық нүктелердің сипаттамасы; көрнекі нүктелерге, табиғат қорғау белгілеріне арналған суреттері  бар тақтайшаларды дайындау; балалармен жұмыс істеу үшін соқпақ объектілерін пайдалану бойынша ұсынымдар жасау.

Экологиялық соқпақтардың бірнеше түрлері бар: серуендеу, танымдық, туристік және білім беру экологиялық жолдары. Әр түрдің өзіндік ерекшелігі бар.  Оқу соқпақтарының басты міндеті – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы мен адамның табиғатқа қатынасының жалпы мәдениетінің бөлігі ретінде оқушылардың мінез-құлқының экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал ету. Экологиялық соқпақ үш негізгі талапты қанағаттандыруы керек: Соқпақтар тартымдылығы, үш бөліктен тұрады: табиғаттың сұлулығы, оның ерекшелігі және әртүрлілік. Қол жетімділік. Оқу соқпағы елді мекенге жақын орналасуы қажет.

Ақпараттылық, яғни оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Тапсырмалардың мазмұны жаратылыстану, экология, ботаника, зоология туралы алғашқы ақпарат негізінде құрылуы керек. Жылдың әр маусымында ұйымдастырылатын экологиялық соқпақтар өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі, құстардың тіршілігі, қоршаған ортаны тану, табиғат ерекшеліктерін бақылау бойынша дайындалады.

Назира Жорабековна АБДИКЕРИМОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы
бойынша ПҚ БАИ әдіснама және педагогикалық
инновация кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий