Онлайн оқу: Болашақ мамандардың ізденімпаздық дағдылары

«Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрыққа сай коронавирусты инфекцияның алдын алу және оны болдырмау мақсатында (пандемия COVID-19) толықтай студенттерді тұрғылықты жеріне жіберіп, оқу процесін сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, қашықтан оқытуға көшірілді. Карантин кезінде студенттер интернет арқылы оқуларын жалғастырып отырды.

Біздің жоғары оқу орнында да қашықтан оқыту – «Meet» жүйесі яғни оқу үдерісіндегі міндеттерді ортақ шешуге және оқытушы мен студент, студент пен оқытушының кез-келген форматтағы ақпараттық файлдар алмасулармен жүзеге асырылуда. Бүгінгідей, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қаупі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде студенттерге қашықтан дәріс беру шын мәнінде қажетті де маңызды шаралардың бірі. Қашықтан оқыту дегеніміз – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Қашықтан оқыту жеке дара оқыту негізінде жүреді: білім алушы оқытудың түрін өзі таңдайды, жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін, кейбір бөлімдерді тастап кету мүмкін жəне тағы да басқалар. Оқытудың бұл жүйесі студенттің өз бетінше жұмыс жасауын жəне өздігінен білім алу біліктерін дамытады. Қашықтан оқыту- бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған жəне оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады.

Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін жасау халықтың басым бөлігі үшін сапалы білімге қол жетімділікті арттырады, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін білім алу проблемасын шешуге жəне күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алу мүмкіншілігі жоқ аймақтар халқын анағұрлым толық қамтуға көмектеседі. Қашықтан оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылатын оқу үдерісі құрамына міндетті аудиторлық сабақтар мен студенттердің өздік жұмысы кіреді. Виртуалдық сабақтар кезінде студенттер кейстің мазмұнымен танысады, практикалық тапсырмалар мен өздік жұмысының тапсырмаларын орындайды.

Қашықтан оқыту жағдайында жүзеге асатын қағидалар: интерактивтілік, бейімділік, ізгіліктілік, модульдік. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қорыта келгенде, қашықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеріледі.

Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Басты ерекшелігі, қашықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

Маржан Кузембаевна СУЙМЕНОВА,
Ш.Есенов атындағы КМТИУ аға оқытушысы,
магистр, Маңғысьау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий