Жаңаша оқыту нәтижелі ізденістерді талап етеді

“Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие”, – дейді орыстың халық жазушысы Лев Толстой. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осы жолда  өскелең ұрпаққа сапалы білім нәрін сусындатып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып жүрген ұстаздың енбегі зор. Заман талабына сай білім беріп, мектептегі оқу-ағарту үдерісін жанаша қарастыруға өзіндік үлес қосып  келе жатқаныма  міне, отыз жылдың жүзі де болып қалды.

Жанаша оқыту мектеп ұстаздары үшін де, оқу үдерісі үшін де көп ізденісті талап ететіні бәрімізге белгілі. Осы тұрғыда жаңартылған білім беру жағдайымен бірге қазіргі қашықтан оқыту үдерісі мұғалімдерімізге үлкен талап қоя отырып, біршама дамуға жетеледі. Біздің білім ордасындағы ұлағатты ұстаздар үнемі кәсіби ізденісте. Пәндік мұғалімдерге қазіргі замауи технологиялардың қыр, сырларын, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарын игеруге еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты үлкен ықпал етуде.

Мектеп директорының қолдауымен Назарбаев зияткерлік мектеп Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Нугербаев Төлеген Какимовичтің үйлестіруі бойынша бірнеше семинарлар ұйымдастырылып, қатысып, «Lesson Study» туралы  өз білімімізді толықтырып, тәжірибеден өткіздік. «Қашықтан және кезекші сыныптарда оқыту жағдайында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдері» атты  тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар ұйымдастырылды.

Мектеп ұстаздары өз тәжірибелерімен онлайн және кезекші сыныптарда сабақтарды жүргізіп, тәрбие бөлімі секциясы үйірме сабақтары және ата-аналардан кері байланыс видео жүргізу жұмыстарымен іс жүзінде бөлістіп осы тәжірибелері  Telegram чаттарында таратылды. Еордалық «Білім беруді жаңғырту орталығы» мен мектебіміз бірлесіп қала педагогтеріне вебинарлар, коучингтер откізді. Мектебіміздің педагогика ғылымдарының магистрі, биология және химия пәндерінің мұғалімі, Ресей жаратылыстану академиясының кеңесшісі Даулетова С. бейне-сабақ, қысқа мерзімді жоспар, слайд-презентацияларымен «Nur Sultan qalasi Bilim berydi jangyrty ortalygy» https://elorda-mektep.kz/ сайтында және қалалық вебинарларда «Публикационная активность педагогов как условие обмена инновационным опытом» және де «Активные методы обучения как инструмент проектирования современного урока» атты шебер тәжірибелерімен бөлісті.

С.Даулетова әр қашан үнемі творчестволық ізденісте, өз білімін Ресей Федерациясынын Орал мемлекеттік педагогика университетінің аспирантурасында оқып жалғастыруда. Жуырда Ресей Жаратылыстану  академиясының «Отличник народного просвещения» құрметті атағына және Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциумның (ESIC) марапаттау жөніндегі комиссиясының шешімімен «Еуропалық сапа «Алтын медалі» («Gold medal European Quality») мен марапатталды.

Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары өздерінің іс-тәжірибесін де жинақтаған, оқып-білген жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңаша идеяларын үнему қала көлемінде, өз әріптестерімен бөлісіп, республикалық деңгейде телесабақтарда тәжірибелерін таратып жатыр. Үлгерімдегі шығынды толтыру үшін мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі ол «Lesson Study» – сабақты зерттеу арқылы  білім сапасын көтеруіне ықпал тигізеді. Бұл  мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл ретінде қолданылып, қазіргі таңда  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.

Бүгінгі таңдағы халықаралық білім кеңістігінде кеңінен танымал «Lesson Study» тәсілінің серіктес мектептері алдында тұрған бүгінгі кезең міңдеттерін шешуге қаншалықты септігін тигізетінін анықтау,оқыту үдерісіне ендіру, одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланып келеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде, ал оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда Lesson Study тәсілін қолданудың берері көп. Мектеп әкімшілігі ретінде жауапты бола біліп, өз тобымдағы мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасай отырып, бұл әдістің  қандай аудиторияда болса да өзіндік талқылауға, ашық пікірталасқа, жеке оқушыны зерттеудің талаптарын аңғаруға үлкен мүмкіндік беретдіндігі байқалды.

Яғни, оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы нәтижеге бағыттап, жетістікке жететінді анық. Бұл әдістің сабақ беру практикасын жақсарту үшін өте тиімді екенін, сыныптағы ынтымақтастық ортаны, қарым-қатынас әрекетін және тағы басқа бақылау мақсатында біршама зерттеулер жүргізіп отырмыз. Педагогика саласындағы зерттеулердің ішінде тікелей тәжірибені зерттеуге бағытталған тәсілдердің маңызы зор. Бұл тәсілдер озық педагогикалық тәжірибені зерделеуде, сондай-ақ мұғалім өз тәжірибесінің белгілі бір қырларын зерттегенде қолданылады.

Зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту және оқушылардың оқу тәжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашады. Зерттеу нәтижелері, оларды мектептегі немесе кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерімен талқылау мұғалімге өз тәжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге итермелейді. Сонымен қатар, біздің  мектеп БИЛ «қыздар» және №67 мектептерінің мұғалімдерімен қоғамдастық құрылып, №67 мектеп тірек мектебі болып саналады. Басты мақсаты: жетекші мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу тәжірибесіндегі ерекшеліктер мен қалыптасқан дағдыларды тәжірибе арқылы бірлесіп бөлісу және таратуға бағытталған.

Әрі мектептердің ынтымақтастығы арқылы кездескен қиындықтардың шешу жолдарына әдістемелер жинақтау арқылы білім берудің заманауи тәсілдеріне қаруланып, өскелең ұрпақты біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім берудегі қоғамдастық пен желілік байланысты нығайту мақсатында мұғалімдердің өзіндік орны мен ізденіске, шығармашылыққа кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар көптеп өтіліп,  жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие бола отырып, ұжымыммен бірге үнемі алдыңғы қатарда болып, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдырдық.

Гульнаш Мухаметкалиевна ТОКИШЕВА,
№65 мектеп-гимназия директорының оқу
ісі жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий