Елордада STEM білім беруді дамыту: ең танымал бағдарламалау тілдері анықталды

STEM Олимпиадасына қатысатын қазақстандық оқушылардың ойынша, ең танымал бағдарламалау тілдері Python, Scratch және С++ болып табылады. Бұл 5-11 сыныптардың 1500-ден астам оқушылары мен 422 мұғалімдер арасында республикалық STEM Олимпиадасы туралы жүргізілген сауалнама негізінде жасалған түйіндеме.

«Біз қатысушылар арасында алдағы республикалық STEM олимпиадасын қалай жақсартуға болатынын түсіну үшін сауалнама жүргіздік. 3 жыл ішінде іріктеу мен олимпиаданың финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 000-нан астам оқушы қатысты. 2018 жылы қалалық STEM олимпиадасына 100 оқушы, 2019 жылы республикалық STEM олимпиадасына 500-ге жуық оқушы қатысты. Ал 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, 90 оқушының қатысуымен тағы бір қалалық STEM олимпиадасын өткізді. 2021 жылы республикалық олимпиаданы өткізу жоспарлануда», – дейді Astana Innovations Инновациялық экожүйені дамыту орталығының бас менеджері Данияр Құрманбаев.

Оқушылардың сауалнамасының нәтижелері STEM Олимпиадасындағы ең тартымды пән 3D модельдеу (35%), одан әрі бағдарламалау (30%), робототехника (25%) және инженерлік математика (11%) болып табылатынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан 1275 оқушы арасында ең танымал бағдарламалау тілдері – Python (679), Scratch (425) және C++ (308).

– Оқушыларды олимпиадаға дайындауда мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Осылайша, сауалнама нәтижелеріне сәйкес мұғалімдердің 88% өз оқушыларына әртүрлі тақырыптар бойынша жобалық тапсырманы пысықтауға көмектесуге дайын. Сонымен қатар, ең танымал жобалық тақырыптар: қалалық «ақылды» шешімдер, анти-ковид, пайдалы вебсайттар мен қосымшалар екені анықталды, – дейді Данияр Құрманбаев. Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері көрсеткендей, егер шәкірттер STEM олимпиадасы аясында жобалық конкурста жеңіске жетсе, оқытушылардың 58%-ы оқушылармен бірге жобаны пысықтауды жалғастыруға және оны Нұр-Сұлтан қаласында сынақтан өткізуге дайын.

Оқушылардың айтуынша, олимпиадаға дайындалу үшін орта есеппен 2-3 ай қажет. Ал мұғалімдердің 49%-ы мұғалімдердің өздеріне 25-35 күнге жуық уақыт қажет деп шешсе, 22%-ы 15-25 күн, ал өзіне сенімді оқытушылардың 29%-ы ғана даярлыққа екі аптадан аз уақыт керек деп есептеген. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы кезекті республикалық STEM олимпиадасын өткізу жоспарланған. Оқушылардың ең үздік жобалары елорда аудандарының бірінде пилоттау мүмкіндігіне ие болады. Нұр-Сұлтан әкімдігі Astana Innovations-пен бірлесіп STEM бағытын тұрақты түрде дамытып келеді. Бүгінде елорда мектептерінде елуден астам STEM зертхана жұмыс істейді.

Қаракөз ТАСБОЛАТОВА,
Нұр-Сұлтан қаласындағы цифрлық
инновациялар мен технологияларды
дамыту институтының PR және халықаралық
қатынастар орталығының бас менеджері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий