Асхат Аймағамбетов: Елімізде 20 мың білім беру ұйымы, 6 миллионнан астам оқушы және 540 мыңнан жоғары педагог бар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін онлайн форматта ұйымдастыруда, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі. 

– Білім және ғылым жүйесін 20 мың білім беру ұйымы, 6 миллионнан астам оқушы және 540 мыңнан астам педагогтер қамтиды. Бұл еліміздің үштен бір бөлігін құрайды деп айта аламыз. Министрлікке көптеген өтініштер мен арыз-шағымдар келіп түседі. 2020 жылы жалпы құжаттық айналымды қарастыратын болсақ, тек осы министрліктің өзінде 115 мың хат, соның ішінде 6500 арыз-шағым түскен екен. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда екі есеге артқан. Министрліктің көмек көрсету орталығына 20 мыңнан астам қоңырау түскен. Олардың барлығына тиісті жауап берілді, – деді еліміздің бас педагогы.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий