Бірлік – халқымыздың басты байлығы

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт­аралық келісімге қол жеткізудің жал­пыға танылған бірегей институты, қоғам­дық келі­сім мен жалпыұлттық бірлік­тің қазақстандық үлгісінің өзегіне ай­нал­ды. Өткен жылдар ішінде ол өзі­не жүк­тел­ген миссияны лайықты орын­­дап, өзі­нің қоғамдағы саяси және этностық тұрақ­тылықтың не­гіз қалаушы фактор­лары­ның бірі ретін­дегі маңызды рөлін танытуы елі­мізге әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулардың ора­сан зор бағдарламасын – тәуел­сіз Қа­зақ­станды байыппен, дәйек­тілік­пен және ең бастысы, табыспен құру­ды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

“Біздің ортақ міндетіміз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – тәуелсіз Қазақстанның басты әрі даусыз табыстарының бірі. Біздің ынтымағымыз одан ары нығая берсін, ал жүрегі ортақ жетістіктер үшін мақтаныш пен алғысқа толы болсын”, – деген еді. Ассамблеяның міндеті – халық бірлігін, ынтымақтастығын нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сондай-ақ қоғамдағы адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әре­кеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу.

Елде бүгінгі күнде бірлік пен тәуелсіздік, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісім, ынтымақтастық, достық қарым-қатынас өз жалғасын табуда. Жастар үшін көптеген пат­риоттық, адамгершілік мақсатындағы іс-шаралар өткізілуде. Қоғамда өз орнын тауып, тату-тәтті өмір сүріп отырған этностардың басын Ассамблея біріктіріп отыр. Ассамблея «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында сессия өткізді. Қоғамдағы тұтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтау маңызды.

Біртұтас ұлтты қалыптастыру – ұзақмерзімдік болашақтағы міндет. Алайда ол болмысты, этникалық біртектілікті кейінге қалдырмайды. Керісінше, дамудың диалектикасы әрбір этностың, өз орнын алып, өзінің бірегей мәдениетін сақтап, оны дамыта отырып, халықтың негізгі бөлігіне « бір ел – бір халық» қағидасы бойынша ынтымақтасуды көздейді. Әлем дамуының заманауи шындықтары мемлекет алдында жаңа сын-тегеуріндерді анықтайды, мемлекеттер мен халықтардың күшін өзара тиімді және қауіпсіз дамуды қамтамасыз ету бойынша біріктіру мақсатында елдердің біртіндеп даму мәселесін көтереді.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» айрықша маңыз берді. Ұлттық бірегейлік – қоғамға қажет құндылық. Мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың азаматтық бірегейлігінің арқасында десек қателеспейміз. Бүгінгі күнде отансүйгіштік, мейірімділік, төзімділік, ауызбіршілік, намысшылдық, батырлық, ұлтжандылық, адалдықты өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіру — әрбір азаматтың парызы.

Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған педагогтар мен ата-ананың міндеті. Нұрсұлтан Әбішұлы айрықша атап айтқандай, «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек». Бұл дәстүр үзілмесе, ғасырлар бойы көпұлтты мемле­кетіміздің тыныштығы тұрақты, қоғамдық тұтастығы мықты болмақ. Бейбіт елдің саналы ұрпағы елдің тірегі болып қала бермек.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университетінің аға
оқытушысы, магистр, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий