Мұғалім-өзі де оқуы керек

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.

Осы орайда  біздің ұжымдағы «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары онлайн режимінде ұйымдастыруда. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған курс барысында тыңдаушылар білім беруді жаңарту жағдайында  заманауи білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері, білім беру сапасын арттыру контекстінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, педагогтардің ІТ-құзыреттілігін дамыту барысында модульдер бойынша  теориялық тұрғыда кәсіби-мотивациялық дайындығын жетілдіруде.  

Курс барысында ҚР бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Бастауыш мектепке арналған типтік оқу бағдарламаларына шолу. Педагогикалық технологиялар заманауи сабақты жобалау негізі ретінде. Оқыту мақсаттарын диагностикалық анықтау. Б.Блум таксономиясы. Блум таксономиясы негізінде дамыту тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері тақырыптарында тыңдаушылар өз бетінше жұмыстар жасауда. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың заманауи мектеп жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес тиімді оқыту үшін  бастауыш сынып сабақтарында топтық, жұптық, жеке жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруда.

“Айналмалы бекет”, “Сен маған, мен саған”, “Ия-Жоқ”, “Ыстық микрофон”, “Дүкен” әдістері бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетін белсендіруге, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Джиксо», «Венн диограммасы», «Ашық жабық сұрақтар», «Ақылдының алты қалпағы», «Бес жолды өлең» әдістері арқылы тілдік құзыреттілікті дамытуға ғана емес, коммуникативтік дағдыларды дамытуға да ықпал ететін тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Оқушылар тәжірибе мен білімді механикалық есте сақтау жолымен емес, бірлескен «жаңа білім ашу» жолымен алатынын, оған сыни ойлау технологиясы мен оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды курс тыңдаушылары кері байланыс жасау арқылы өз ойларын білідіріп отырды. Қорыта айтканда сөзімнің соңын Альберт Эйнштейн сөзімен аяқтағым келеді «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін  тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген екен. Сондықтан да мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім қажет деп ойлаймын.

Назира Калдарбековна САДИРМЕКОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ “Мектепке
дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту
кафедрасының аға оқытушысы, тренер

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий