Оқыту мен оқудағы ынтымақтастық

Заманауи талапқа сай білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамыту, оның жан-жақты ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың бейімделуіне жағдай жасау. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-нда педагог кадрлардың біліктілігін арттырукурсы барысындағы онлайн болса да дәрістерімде ынтымақтастық ортаны қалыптастыруды үнемі басты назарда ұстанамын. Педагогтер өз оқулары барысында үйренген, қолданған әдіс-тәсілдерді ертең мектепке барғанда қолданатыны сөзсіз.

Ынтымақтастық – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу (collaborative learning) – оқыту мен білім берудің тәсілі. Ағылшын тілінен аударғанда «collaborative» сөзі бірге, ортақ, біріккен, бірлескен деген мығынаны береді. Ынтымақтастық оқудың негізгі белгісі оқушылар тобының берілген тапсырманы орындауда немесе қандай да бір мәселені шешуде бірлесіп жұмыс жасауы болып табылады.

Үдеріске қатысушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірімен достық қарым-қатынаста бірігіп іздену, талдау және сыни ойлау және ой бөлісу арқылы білім алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ортақ бір шешімге, келісімге (consensus) жетуге негізделген. Ынтымақтастық орта құру оқыту мен оқуды тиімді ұйымдастырудың бірден бір кепілі. Сонымен қатар «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» жағдайда да уақытты ұтымды қолданып нәтижелі жұмыс атқаруға болады. Әр тобым өздерінің құрастырған «топтық ережелерін» үнемі сақтап отырды, бұл да бірлесіп құрастырылғандықтан әр тыңдаушының құқығы ескерілген дүние болды.

Топтық жұмыс барысында тыңдаушылар өзара ортақ шешімге келіп, әріптестерінің пікірімен үнемі санасып отырды. Осы іс-әрекетті мектептегі тәжірибе кезінде оқушыларымен қолдануды үйренгендерін де айтып жатты. Егер сыныпта жайлы өзара әрекеттестік орнап, балалар сабаққа тартылса, талқы жүргізіп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаудың маңызы зор болмақ. Бір мақсатқа жету үшін жүргізілген талқылау – бүл топтағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізі. Талқылау оқушыларға өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жүмыстың қарқынды өтуіне ықпал етіп, оқушылардың оған белсенді қатысуына көмектеседі.

Топтық жұмыстың негізі ынтымақтастықты қалыптастыруға бастама болады. Оқыту мен оқу кезінде мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдерін олар өздерінің біліктілігін арттыру курсы кезінде меңгеріп шығады, сонымен қатар жақсы нұсқаулықтар да ала алады:  топтық талқылау кезінде топтарға жақын болыңыз; жетіспейтін пікірді ұсыныңыз, бірақ артық сөйлемеңіз; тұйық әрі ұялщақ оқушыларды талқылауға тартыңыз; орындалған қорытындыларды нақтылаңыз, бірақ олардың мағынасын өзгертпеңіз; барлық пікірді бағалаңыз; кейбір оқушылардың асқан үстемдігін шектеңіз; дәлелдерді құрастыруға көмектесіңіз; рефлексивтік талқылау үшін пікірлерді белгілеңіз; оқушылардың сөйлеп және тыңдап отырғанына көз жеткізіңіз.

Қорыта айтқанда, ZOOM платформасындағы сессиялық залда өткізілген топтық жұмыс нәтижесінде топта  ынтымақтастық  атмосферасы  бұрынғысынан да  тереңдеп, бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық  сезімдері одан   әрі  жанданып,  диалогтік қарым-қатынасы артты. Көп сөйлемейтін тұйық тыңдаушылар, тасада қалып қоятын тыңдаушылар болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосфера қалыптасты. Жоспарланған шараларда  тыңдаушылар арасында  қызығушылық   тудырған мәселелер  орын алған сайын мен  өзім берген  бағытым  педагог бойына  тереңірек  толғандыратын   дұрыс, маңызды   сұрақ  бердім  деп  түсіндім.

Себебі  ол  өзіне  сол сұрақтарға жауап алу барысында іздемпаздығы, қырағылығы, шығармашылығы, сөйлеу  және  ойлау  қабілеті  қалыптасады. Мұғалім ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап  бағыттап отырса, тұлғаның  бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс бағыт  беру  ұстаздың  абройлы  міндеті  екенін  естен  шығармау бүгінгі күннің басты мақсаты.

Оморгуль ЭРТИСХАН,
“Өрлеу” БАҰО АҚ  филиалы Павлодар
облысы бойынша ПҚБАИ, ЖжГПОӘ
кафедрасының аға оқытушысы, ЖБ тренері,
халықаралық дәрежеде сертификатталған
тренер, педагогика ғылымдарының магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий