«Орда» университетінің Жас ғалымдары дала экспедициялық зерттеу жүргізді

«Орда» университетінің «Химия және биология» кафедрасының профессоры, б.ғ.к., Талғат Ибрагимовтың жетекшілігімен магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын практикада ұштастыру мақсатында Түркістан облысының түрлі таулы-жазықты экологиялық аймақтарына ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында әрбір студент немесе магистрант өздерінің тақырыптарына қатысты материалдар жинақтады.

Дала экспедициялық зерттеу жұмыстарының мақсаты облыс аймағында өсетін эндемикалы өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтап, қорғау шараларына қатысты ұсыныстар беру болып табылады.

Дала экспедициялық зерттеу жұмыстардың нәтижесі, жас ғалымдардың алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, қойылған міндеттерді өз бетінше сапалы орындау, негізделген шешімдерді қабылдау қабілетін қалыптастыру, дипломдық және магистрлік  жобаны дайындау мен жазу үшін эмпирикалық материалдарды жинау, кәсіби қызметке деген ынтаны нығайту болып табылады. Сондай-ақ, дала экспедициялық зерттеу жұмыстары білім алушылардың арнайы білім беру саласында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   

Дала экспедициялық зерттеу жұмыстары кезінде студент Урзымбаева Рахила өзінің «Түркістан аумағында таралған дермене жусанының таралуы мен биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау» тақырыбында жоспарланған дермене жусанының Жамбыл және Шалдар Мемлекеттік ботаникалық тапсырысында таралу ерекшеліктеріне талдау жасады. Даутова Ұлбала «Мойынқұм шөліндегі жаужұмыр өсімдігінің өсу ареалы мен шаруашылық маңызы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бойынша  Мойынқұмның оңтүстік батыс аумағында таралған жаужұмыр сасырына талдау жасады. Атабекова Мухлиса «Түркістан облысы аумғында таралған ерінгүлділер (lamiaceae) тұқымдасына жататын эфир майлы өсімдіктер» тақырыбында, ал Абдикадирова Умида «Түркістан облысы аумағындағы пісте ағашының таралуын анықтау және ареалын ұлғайту» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты мәліметтер жинақтады.

Экспедиция нәтижесінде ізденуші жас ғалымдар өсімдіктердің флоралық тізімін жасап, гербарий үлгілерін алды. Қаратау қорығының символы болып саналатын Шренк тобылғы түсінің кең көлемде таралған ареалы анықталды. Дермене жусанының Жамбыл және Шалдар Мемлекеттік тапсырыс аймағындағы қазіргі жағдайы анықталды. Түркістан облысының тау және тауалды жазықтарында өсетін Ерінгүлділер тұқымдасына жататын түрлерге сипаттама беріліп, оларға талдаулар жасалды. Батыс Тәңір тауындағы Машат шатқалында өсетін кәдімгі пісте ағашының таралу ерекшеліктері мен қазіргі жайына сипаттама берілді. Жалпы алғанда, экспедицияда жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

Дала экспедициялық зерттеу жұмыстарына қатысушы студенттер мен магистранттар өз жұмыстарын халықаралық деңгейдегі конкурстарда қорғап, марапаттарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ, 2021 жылы 212-91 топ студенті Урзымбаева Р.К. «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ: ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты халықаралық конкурсына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Атабекова М., Абдикадирова У., Мірсәбіт Ж. өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын конкурстарға беріп «Тәуелсіз мемлекеттер достығы «Үздік жас ғалым – 2021» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының ІІ-ші шығарылымы конкурсына қатысып «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық үздік жас ғалымдардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Жас ғалым – 2021» медалі және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Осылайша, «Орда» университетінің Жас ғалымдары сирек кездесетін өсімдіктер ареалының сиреуіне көптеген факторлар кері әсерін тигізу деңгейін назарға ала отырып, реликті өсімдіктерді тек «Қызыл кітапқа» енгізіп қана қоймай, қорықтарды ұйымдастыру және қорық аймақтарын ұлғайтуды қарастыру қажет екендігіне көз жеткізді.

«Орда» университетінің
«Химия және биология» кафедрасының профессоры,
Биология ғылымдарының кандидаты
Ибрагимов Талғат Садуақасұлы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий