Халықтың құрметіне лайық

Станкевич Татьяна 1965 жылы Павлодар облысы, Железин ауданы, 22 партсъезд совхозында дүниеге келді. Ол ұстаздық еңбек жолын 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Корнев атындағы орта мектебінде биология және химия пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1989 жылы біздің білім ордасында мамандығы бойынша еңбек жолын жалғастырса, 1990 жылдан бастап мектеп директорының орынбасары.  

Татьяна Михайловнаның ерекшелігі – оның жоғары педагогикалық шеберлігі мен біліктілігі, оның бойындағы қасиеттердің бірі өзгеге үйрете білу, үйрете отырып іскерлік қарым-қатынас құру болып табылады. Біліктілігі мен жұмысына деген дәстүрлі емес әдісі мұғалімге жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және аймақтағы мұғалімдер арасында сенімге ие болуға мүмкіндік берді.

2016 жылы Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Педагогикалық ұйымдағы мұғалімнің көшбасшылығы» біліктілік арттыру курсынан, 2017 жылы жаңартылған білім бағдарламасы аясында мектеп басшыларының орынбасарлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті.  Осы жылдар ішінде ұйымдастырылған вебинарлар, шеберлік-сыныптары, онлайн сабақтар, семинарлар,  тренингтері мен баяндамалары тек аудан, облыс, республика ғана емес, сонымен қатар көршілес елдердегі әріптестеріне таратылды.

Өзінің жеке веб-сайты бар, онда сабақтардың, жобалардың, презентациялар мен педагогикалық есептерінің әдістемелік әзірлемелері орналастырылған. 2018 жылы Москва қаласында өткен «XVIII Халықаралық Колмогоров оқуларында» Ресей оқушыларының Халықаралық конференциясы жетекшілерінің секциясында «Қоршаған ортаны бақылау тәжірибесі» атты баяндама жасады. 2019 жылы Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Ғылым әлемін ашамыз» VI Бүкілресейлік ғылыми инновациялық конференциясында  «Еріктілік – мектеп оқушыларына арналған әлеуметтік пайдалы жұмыстың заманауи формасы» атты жұмысын ұсынды және конференция жұмысының жинағына енгізілді.

2016 жылы облыстық «Педагогикалық олимп» байқауына қатысып «Үздік педагогикалық идея» номинациясының жеңімпазы атанды. 2018 жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында «Экологиялық мониторинг» авторлық бағдарламасы қаралып, ғылыми кеңестің шешімімен бекітілді. 2018 жылы жаңартылған білім мазмұнының биология оқулықтарын сараптау жөніндегі жұмыс тобына қатысты.

«STEM» білім беру бағдарламасы бойынша Орталық Азия университеттерінің шығармашылық тобында соңғы үш жылдан бері жұмыс істейді. Әріптесіміздің жоғары санатты, педагог-шебер, биология және химия  пәнінің мұғалімі ретінде отыз жылдық тағылымды тәжірибесі бар. 2019 жылы Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Ғылым әлемін ашамыз» атты VI Бүкілресейлік ғылыми-инновациялық конференциясының дипломына ие болды. 2018 жылы облыстық ғылыми жобалар байқауында екінші дәрежелі дипломымен марапатталып, облыстық XXVIII Кіші ғылыми академиясының үздіктері қатарынан көрінді.

Ол оқушыларға экологиялық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөледі және халықаралық мектеп жобалары мен бағдарламаларымен ынтымақтастық орнатып: Spare, Clean energy, Right shool, халықаралық экологиялық білім беру қоры (FEE) және жарыстарда мектеп командасы экологиялық жобалар мен экологиялық шараларға ақшалай грант ұтып алды.  2017 жылы «Қазақстандағы экологиялық білім беруді дамытудың инновациялық тәсілдері» атты мұғалімдер мен оқушылардың республикалық байқауындағы жеңісі және әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорынан 500 000 теңге грантына жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға мүмкіндік берді.

Кейіпкеріміз облыс әкімінің Алғыс хатымен. облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Ғылым әлемін ашамыз» VI Бүкілресейлік ғылыми-инновациялық конференциясының ұйымдастыру комитетінің (Санкт-Петербург (Ресей) және 2019 жылы «XVIII Колмогоров оқулары» оқушылардың халықаралық конференциясы Мәскеу (Ресей) Алғыс хатын иеленіп, 2018 жылы Сарқан ауданының «Кұрметті азаматы» атағы берілді.

Ғылыми жобалардың облыстық байқауында, «Дарын» республикалық экология орталығының “Baytag El” республикалық олимпиадасында, Омбы қаласы (Ресей) Ломоносовтың биология бойынша халықаралық турнирінде, “21 ғасыр оқушысы “Халықаралық қашықтық сайысында, “Болашақ минуты” экологиялық тақырыптағы III халықаралық бейнероликтер жарысында және тағы да басқа көптеген додадарла мерейі үстем болды.

Мектепті бітіргеннен кейін оның көптеген түлектері биологиямен байланысты мамандықтарды таңдады және ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастырулары барысында парасатты педагогпен байланыстарын үзген емес. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік төс белгісімен биыл марапатталған ол “Қазақстан мұғалімі” ұлттық сыйлығының он үздігі тізіміне енген мұғалім ретінде арнайы сыйлықққа ие болды.

Татьяна Михаловна “өмір бойы білім алу “қағидасымен үздіксіз білім беруді көздейді. Заманауи мұғалімнің ерекшелігі – ұтқырлық, өзгеруге дайындық, дәстүрлі емес еңбек әрекеттері, шешім қабылдаудағы  жауапкершілік және өзін-өзі сынау. Ол осындай талаптарға сәйкес келеді.

№1 мектеп-гимназиясының ұжымы,
Алматы облысының Сарқан ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий