ЕҰУ Times Higher Education рейтингісінің «әлеуметтік ғылымдар» пәні саласында топ 600 + қатарында

Times Higher Education халықаралық агенттігінің пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша ЕҰУ алғаш рет “әлеуметтік ғылымдар” бағыты бойынша әлемнің 601+ жоғары оқу орындарының тобына енді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Бұл тізімде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да бар. “Әлеуметтік ғылымдар” саласына “Әлеуметтану”, “коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары”, “саясаттану және халықаралық қатынастар”, “География” сияқты пәндер кіреді,

Әдіснамаға сәйкес білім беру және зерттеу қызметі, дәйексөзділік, өнеркәсіптен түсетін табыс (инновациялар) және интернационалдандыру бағаланды. Кестеде “әлеуметтік ғылымдар”пәні бойынша ЕҰУ нәтижелері көрсетілген:

Критерийі

2022

Жалпы бал

9.5-24.3

Дәйексөз деңгейі(27.5%)

16.5

Өнеркәсіптен түсетін табыс(2.5%)

33.9

Интернационализация(7.5%)

34.1

Зерттеу қызметі(29.8%)

5.7

Білім беру қызметі (32.7%)

11.4

Айта кету керек, Л.Н.Гумилев атындағыЕҰУ “Инжиниринг”бағыты бойынша Times Higher Education әлемдік пәндік рейтингінің топ 401-500-іне кірген Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болды. Еуразия ұлттық университетінде 6 басым ғылыми кластер іске асырылуда. Олар: физикалық ғылымдар және ядролық технологиялар, математика және ақпараттық технологиялар, биология, биомедицина және биотехнология, инжиниринг, Химия және жер туралы ғылымдар, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар.

2020 жылмен 2019 жылды салыстырғанда ЕҰУ ғалымдарының жарияланымдарының саны Scopus базасында 35% – ға өсті. Бір құжаттың дәйек сөздерінің орташа саны 3,9 құрады. ЕҰУ  ҚР БҒМ ұсынған басылымдар тізіміне кіретін ғылыми журналдар саны, сондай-ақ халықаралық базаларда индекстеу бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Мәселен, Scopus-та индекстелетін Қазақстанның 6 журналының 3-еуі ЕҰУ-да шығарылады және 2020 жылы  152 ғылыми жоба іске асырылды.

Студенттерді оқыту 256 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар 3 MBA бағдарламасы және 5 ЕМВА бағдарламасы, 24 Minor бағдарламасы әзірленді. ЕҰУ зерттеу, инновация және коммерцияландыру үшін ашық алаңға айналмақ. Бұл үшін инновациялық бағдарламалардың үлесі, оның ішінде жаңа кәсіптер атласынан 12% – ға дейін ұлғаяды. МВА, DВА бағдарламалары шетелдік әріптестермен бірлесіп іске асырылып, цифрлық экожүйе құрылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий