Вертуалды практикалық тапсырмалар – тиімді қашықтан оқыту көзі

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауындағы 41-баптың1-бөліміндегі«педагогқызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын жəне алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында «Оқу тəрбие үрдісінде оқушылардың білім сапасын арттыру, ойлау қабілетін дамытудың жолдарын айқындау қажет» делінген.

 

Сурет 1. Виртуалдық практикалық жұмыс мазмұны

Ал, оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың бірден бір жолы ол – шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту деп есептейміз. Сондықтан да шығармашылық тапсырмалардың қашықтан оқыту үдерісіндегі маңызы зор. Көркем еңбек пəнін оқыту арқылы мəселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытындылар жасауға, дəлелдеуге тағы басқа іс жүзінде қадам сайын шығармашылық білім беріледі. Оқушыны шығармашылыққа баулудағы негізгі міндет оқушылардың шығармашылық міндетгерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.

Көркем еңбек пәнін оқушыларға нəтижелі үйрету үшін оның оқыту əдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мəселесі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – əр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тəрбиелеу барысында кеңінен колданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда, онлайн форматта сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін əдіс – белсенді әдістер.

Сурет 2. Тапсырмалар мен сұрақтар

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нəрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пəн төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға жəне шығармашыл ойлауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, бүгінгі оқушылардың кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар əр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет.

Көркем еңбек сабағы 8-9 сынып оқушылары үшін қашықтық оқыту жалғасын табуда, осыған орай онлайн сабақтарға арналған виртуалдық практикалық жұмысты ұсынамыз. Жұмыс мазмұны «Көркем еңбек» бағдарламасының «Дизайн» бөлімі мазмұнына сай түзілген (сурет 1). Жаңа форматта оқушыларға заман талабына сай сабақ беру кез келген мұғалімнің міндеті. Ұстаз белсенді, шығармашылық іс-əрекетке талпынған оқушының кеңесшісі əрі көмекшісі. Əрбір мұғалім сабақ жүргізу барысында жаңа технологияға сүйене отырып, тосын идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса, оқушылардың да пəнге қызығушылығын арттыруға болады (сурет 2, сурет 3).  

Сурет 3. Қайталау сұрақтары

Ақжібек Нұрланқызы АХМЕТ,
№30 мектеп гимназияның көркем
еңбек пәні мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий