Педагогикалық журналистиканың маңызы туралы семинар ұйымдастырылды

Жуырда біздің білім ордасында ұстаздар ұжымының бастамасымен қаладағы әріптестеріміздің қатысуымен «Педагогикалық журналистика: мақала жазудың стратегиялары бойынша ұсынымдар. Педагог ғылыми-әдістемелік мақаланы қалай жаза алады?» семинарын ұйымдастырды. Ұстаздардың педагогикалық журналистика бойынша құзыреттіліктерін арттыру мақсатындағы арнайы шараға іс-шараға көптеген жергілікті педагогтер онлайн арқылы қосылды.

Ғылыми мақаланы жазудағы негізгі алғышарттар педагогтер арасында көп пікірталас туғызды: жарияланымды қандай бағытта жазу керек? аудиторияның назарын бірден аударатын қызықты тақырыпты қалай таңдау керек? қысқа да тартымды кіріспені қалай жазуға болады? оқырманды қызықтыратын жақсы мазмұнды қалай зерделеу керек?. Семинар барысында көптеген мектеп педагогтері өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.. Ұстаздардың ғылыми мақалалардың болуы: магистратура білім беру бағдарламаларына түсу кезінде; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі: Білім және ғылым министрінің Алғысы, Құрмет грамотасы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі және тағы да басқа марапаттаулар кезінде есепке алынатыны да сөз қозғалды.

Сонымен қатар, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық журналдарының талаптарын қарастырып, қазіргі жарияланып жатқан мақалаларға талдау жасалынды. Алдағы уақытта кәсіби педагогикалық құзыреттілікті дамыту мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Ерлан Шаулекенұлы ІЗБЕН,
№2 жалпы білім беретін мектептің
директоры, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий