Педагог мәртебесі: Ұлағатты ұстаз қандай болуы керек?

Білімді болуы керек. Өзіне сенімділігі қажет. Тәртібі білімінен жоғары болуы шарт. Бала психологиясын жетік білгені жөн. Бағалауы шынайы әрі әділ болғаны дұрыс. Әрі елдегі, әлемдегі болып жатқан өзгерістерден хабары бар, жалпы жан-жақтылық талабытана табылуы тиіс. Үлгілі жанұя отағасы, отанасы ретінде көпке үлгі көреткені жөн.

Биыл тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл. Осы уақыт аралығында отандық педагогтардың қауымының мәртебесі, білімі, дәрежесі өзгерістер мен ауытқулардан өткені жасырын емес. Білім дәрежесі жоғарылап кей сәтте тәртіп жағынан кеми түскен кездер болды. Бала психологиясының әлсізденуіне байланысты, оқу орындарында психологтар, инспекторлар көптеп жұмысқа тартылды.

Әл-Фараби бабамыз айтқандай “Тәрбиесіз берілген білім – өте қауіпті” – деп. Абай ғұлама философ бабамыз “Мінезі түзелмейді дегеннің тілін кесу керек”  дейді. Бұл нақыл сөздерден ұғатынымыз бірінші балаларға мықты мызғымас мінез қалыптастыру шарт. Оны біліммен жандандыру әр мұғалім ұстазға байланысты. Балаға болашаққа деген сенімділікті беретін, оған қоса білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұлағатты педагогтар, ұстаздар. Осыған орай маған мынадай ой келеді,егер өскен ұясында дұрыс тәртіп, тәрбие көрмесе, ол қалай тұлға бола алады? Өскен орта тәрбиелейді, үйде көргенді алады деп тектілікті қайда ысырамыз.

Менің пайымдауынша тектілік өскен ұяң, достары, жұмыс орны өмір жолында кездескен адамдар әсер етеді. Қазақта “Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір аяқ асқа алғысыз” деген мақал бар. Бұл да тәрбиені ұстаздан, мектеп, балабақша, жоғары оқу орындарынан дұрыс тәлім-тәрбие, терең білім алған адамның, жеткіншектің жаманы болмайтыны сөзсіз. Қазіргі кездегі ұстаздардың әлеуетін, материалдық жағдайын көтеретін бірнеше бағдарламалар қабылданды.

Қағазбастылық, мамандығынан басқа істермен айналысуға тоқтаулар болып жатыр. Ол ұстаз баспанамен қамтылған, әлеуметтік жағынан мәселесі шешілген, сағаттық жүктеу де шамадан тыс артық жүктелмеген болуы шарт деп ойлаймын. Әр ұстаздың отбасы бары кейде ескерілмей қалатындықтан жанұясына дұрыс көңіл бөле алмауы, шектен тыс ауыртпалықтан жүйкесіне салмақ түсетіндігін көріп жүрміз. Психологиясы әлсіреген мұғалімнен, әлсіз ұрпақ тәрбиеленетіні белгілі болса керек.

Сондықтан тәуелсіз елдің ұстазы тәуелсіз болуы шарт. Жас ұрпақты елжандылыққа баулудың тың тәсілдері қажет. Отан – отбасынан басталады. Отбасында мектепке, ұстазға деген құрмет сақталса, мектеп ұстаз оны ары қарай жалғап алып кетсе, ұлтына адал қызмет жасайтын жаңа буынның қалыптасары хақ. Осы орайда мектептегі тәрбие сағаттарына арнайы бағдарламалар жасалуы қажет. Елімізге белгілі түрлі мамандық иелері, қоғам қайраткері ретінде қалыптасқан танымал тұлғалар тәжірибелерімен бөліскендері жөн.

Мектепке қуанышпен асыға баратын ұғымтал шәкірттер мен әрбір сабағына тыңғылықты дайындалатын шынайы ұстаздар шоғыры қалыптасқанын қалаймыз. Ұстаздар қауымының біліктілігін артыруымен қатар шипажайларға барып демалуына, педагог мәртебесінің арта түсуіне жоғары және жергілікті атқарушы билік тарапынан айрықша көңіл бөлініп, жыл сайын қомақты қаржы қарастырыла бастағаны қуантады. Мемлекеттің басшысынан бастап қарапайым еңбек адамдарына дейін барша жұрт мектепте білім беріп, ғылымға жетелеген оқытушы ұстаздар қауымына қарыздар екендігін баршамыз білеміз.

Раушан Маратовна КУРМАНГАЛИЕВА,
«Орал «Сервис» технологиялық колледжінің
“Тамақтандыруды ұйымдастыру” біліктілігі
“Аспаз” мамандығы бойынша өндірістік оқыту
шебері, Батыс Қазақстан облысы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий