“Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша аймақтардағы біліктілікті арттыру курстарының мониторинг нәтижелері

2021 жылдың ақпан айынын бері Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының  «Талдау, мониторинг және педагогикалық өлшемдер» бөлімі республика көлемінде педагогтер үшін біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстар өткізіп, қарқынды жұмыс істеп келеді. Мақсатымыз: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша күн тәртібіндегі ауқымды жобаның өзектілігін арттыру болып табылады. Аталмыш бөлім, негізінен төменде көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс атқарады.

Атап айтсақ: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша педагогтердің біліктілікті арттыру курстары сапасының мониторингін жүргізу; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша педагогтер қызметінің курстан кейінгі мониторингін жасау; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау бойынша пилоттық білім беру ұйымының мониторингін дайындау; «Өзін-өзі тану» пәнінің оқыту сапасының мониторингін бақылау; «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша аймақтық педагогтердің біліктілігін арттыру курстары сапасының мониторингін назарда ұстау сынды жұмыстармен айналысады.

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығы бойынша Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары» негізінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер қызметінің курстан кейінгі мониторингі де әзірленді.

Мониторинг – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жүйелі түрде жинау мен өңдеуді қамтитын, қандай да бір объектілер туралы деректерді бақылау және тіркеу процесі. Білім сапасының мониторинг жүйесі – білім беру сапасын бақылау жүйесі, ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған, жай-күйін бағалауға және оның дамуын болжауға мүмкіндік береді, білім беру жүйесінің және оның жекелеген элементтері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау және тарату жүйесі.

Талдау, мониторинг және педагогикалық өлшемдер бөлімі ұсынатын сұрақтартардың көмегімен біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің білімін емес, құзыреттілігін бағалау маңызды. Сондықтан сұрақтар педагогтердің жұмыста әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану құзіреттілігіне, жобалық әрекетті ұйымдастыру және өткізу білігіне және т.б. бағытталған. Курстардың әрбір деңгейі бойынша өз сауалнамасы әзірленеді және бекітіледі.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары 5 түрлі бағытта өткізіледі. Соның ішінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарларына  «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» курсының нәтижелері туралы қысқаша есебінен қысқаша мәлімет, сондай-ақ «Адамның Үйлесімді дамуы Ұлттық Институтының» ағымдағы жылғы жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған 36 академиялық сағаттық курс ұйымдастырылды.

15–26 қараша аралығында өткен курс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылып, тыңдаушылардың  жалпы саны 800 адамды құрады. Курс мониторингі бойынша сауалнамаға жоғарыда атап көрсеткен 800 тыңдаушы –  100% толық қатысты. Сонымен қатар педагогтер арасында «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан соңғы рет қашан өткендігі туралы сауалнама жүргізіп, нәтижесінде соңғы бес жыл аралығын қамтығандығы туралы сараптамалық-талдау жұмыстарын да жүргіздік.

Сауалнама сұрақтары бойынша тыңдаушылардың жауабына сүйенсек, педагогтердің 61%-ы соңғы бес жылдан бері біліктілікті арттыру курстарынан өтпегені белгілі болды. 2020 жыл қорытындысы бойынша курстан өткен деп белгілеген сұрақта білім беру ұйымдарының директоры мен орынбасарлары өз пәндері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен деп айтуға толық негіз бар. Негізінен, тыңдаушылардың басым бөлігі «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағыты бойынша таным көкжиектерін кеңейте алды деп айта аламыз. 

«Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан соңғы рет өткен  орынды белгілеңіз деген сұраққа тыңдаушылар «Өрлеу» БАҰО АҚ мен оның филиалдарын  және «Бөбек» ҰҒПББСО-ын көрсеткен. 2016–2020 жылдар аралығында курстан өтіп келген педагогтерде қай бағыттар бойынша қаншалықты қиындықдар туындағанын көруге болады? білім беру ұйымының қызметін ғылыми талдауда – 5%; білім беру ұйымының ұжымын басқаруда – 10%; оқу-тәрбие үрдісін басқаруда – 19%; ата-аналармен өзара әрекеттесуде – 4%; басқа нәтижелер бойынша – 3%-ды құрап отыр.

Еске сала кетейік, сауалнаманың бұл сұрағына барлық тыңдаушылар жауап бермеген, өйткені бұған дейін курстан өткен тыңдаушылар саны 100%-ды көрсеткен емес. Талдау нәтижесі бойынша тағы да бір маңызды мәселе білінді. Яғни ең көп кедергілер оқу-тәрбие үдерісі  мен білім беру ұжымын басқару екені анық білінді. Ал рухани-адамгершілік білім беру мәселелері бойынша ақпарат алатын дереккөздерін көрсетіңіз деген сауалға тыңдаушылардың басым бөлігі біліктілікті арттыру курсы деп көрсеткен.

Сауалнама бойынша жүргізген сараптамалық-талдау жұмыстарына сүйенсек, Адамның үйлесімді даму ұлттық институты «Өзін-өзі тану» пәнінің  педагогтеріне арналған курстық дайындық кезі мен курстан кейінгі қолдау кезеңінде жеке және топтық консультациялар, вебинарлар, семинарлар, конференциялар, тікелей эфирлер және басқа да цифрлық электрондық ресурстар көмегімен түрлі бағыттар бойынша жүйелі әдістемелік қолдауды жалғастыратын болады.

Әріптестеріміздің біліктілікті арттыру бойынша әртүрлі тәсілдерімен танысқаннан кейін, біз сертификатталған педагогтерге әдістемелік көмек, сүйемелдеу және мониторинг жүргізудің жаңа нысандарын іздеп, толықтыратын боламыз. Қорыта келе, әрбір «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің курсқа келген кезімен курсты аяқтау барысындағы нәтижелері зерттеу жұмыстарымызда айқын көрінді. Сонымен қатар мониторинг бойынша талдау есептері назардан тыс қалмай, дер кезінде жүргізілді.

Салимат Маратовна ИЗМАЙЛОВА,
Адамның үйлесімді даму ұлттық институтындағы

талдау, мониторинг және педагогикалық өлшемдер
бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий