Аmanzholov university-іне африкалық профессор дәріс оқуға келді

Бір ай бойы магистранттар мен докторанттар табиғи қосылыстар химиясының ғылыми жетістіктерін және химияны оқытудың әдістемелік аспектілерін зерттейтін болады. Камерундағы Маруа университетінен Phd докторы Амаду Дауи академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне келді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Профессор 2021 жылдың 25 қарашасы мен 24 желтоқсаны аралығында химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарға, магистранттарға және студенттеріне “Табиғи қосылыстар химиясы” тақырыбында дәрістер оқып қана қоймай, практикалық сабақтар өткізеді. Айта кету керек, Амаду Дауи Шығыс Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқ.

Алғашқы сапар 2019 жылдың қазан айында “Органикалық химия және спектроскопия” тақырыбында дәріс оқыған жүзеге асқан болатын. Амаду Дауи алыс шетелдердің халықаралық басылымдарында 70-тен астам жарияланымға ие, оның ішінде Хирш индексіне сәйкес жоғары импакт-факторы бар 20-дан астам мақала жарияланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий