Колледж заман талабына сай кадрлар даярлауда

Елімізде 2021-2022 оқу жылында колледж студенттері штаттық оқыту форматына көшті. Оқу пәндерінің 20 % қашықтықтан жүргізуге рұқсат етілді. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31.08.2021-ғы № 5-13-2/3424-И «2021-2022 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық – әдістемелік ұсынымдары» мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактикалық іс – шараларды жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес оқу – тәрбие процесін «Бір аудитория – бір топ» қағидаты бойынша жүргізіп келеді.  Штаттық режимге көшуіне байланысты барлық қызметкерлер мен 18 жастан асқан студенттер вакцинацияланды.

Колледж білім алушылары жаңа жіктеуіш бойынша 21 мамандық 44 біліктілікке лицензия алды. Болашақ мамандар мамандықтар бойынша жаңа оқу бағдарламаларымен білім алады. Қазалы аграрлы техникалық колледжінде  2014 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесіне көшірілді. Дуальды оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен  Кәсіпорын – Колледж – Студент үш жақты 32 келісім – шарт жасалды. Келісім – шарт техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде құрылды.

2021-2022 оқу жылында қабылданған 4 мамандық, 6 топ дуальды оқыту жүйесі бойынша оқытылуда. Дуальды оқыту бойынша білім алушы саны – 101 білім алушы, пайызға шаққанда – 22,6 пайызды құрайды. Қазіргі таңда аталған білім алушылар мен кәсіпорын, оқу орны арасында үш жақты келісім шарт жасалды. Жұмыс оқу жоспарлары әлеуметтік серіктестердің білікті мамандарымен біріге отырып 60/40 қағидасына келтірілді. Яғни, 60 пайыз практика, 40 пайыз теориялық оқу. Осы жұмыс оқу жоспары Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Адами капитал» бөлімімен келісілген.   

Дуальды оқыту – теория мен өндірісті ұштастыратын бірден – бір технология. Колледж 2020-2021 оқу жылынан бастап кредиттік-модульдік оқу жүйесіне толықтай көшірілді.  Биылғы оқу жылында қабылданған барлық мамандықтардың да жұмыс оқу жоспарларыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №553 бұйрығы бойынша жаңадан өзерістер енген қосымшаларына сәйкес кредиттік-модульдік тәсілдеме негізінде жасалды. «Жас Маман» жобасы бойынша қатысқан «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарының жұмыс оқу бағдарламалары Финляндия мемлекетінің «Soprana Group» компаниясының әзірлеуімен жасалған 54 бағдарламасы негізінде жасалды.

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі бойынша бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Оған бірден бір себеп – аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы, әлеуметтік серіктес мекемелердің қатысуымен «Жас маман» жобасы бойынша ашылған мансап орталығында ай сайын дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері хабарланып, ұсыныстар беріліп отырады. Соңғы үш жылдағы бітіруші түлектердің 70 пайыздан кем емес жұмысқа орналасуы.

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, 2020 жылдың жеңімпазы атанған болатын. Жоба бойынша республикалық бюджеттен 323 312 000 теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша төрт зертхана, үш шеберхана және оқу алаңы жабдықталды.

«Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, «Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №425 бұйрығының негізінде құзіреттілік орталығы ашылды.

Құзіреттілік орталығының әлеуметтік ынтымақтастықты одан әрі нығайту және құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «СТАгро» ЖШС мен «Қазалы аграрлы – техникалық колледжі» КМҚК арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қойылды. 2021 жылдың маусым айында құзіреттілік орталығында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Шиелі аудандарынан 13 тыңдаушы қайта кәсіби даярлау және біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын игеріп, сертификатталды.

Осы жобаға сай іске қосылған құзіреттілік орталығының басты мақсаттарының бірі – Worldskills Кazakhstan  чемпионаттарына қатысу үшін аймақтық команда мен Қазақстан құрамасына бәсекеге қабілетті қатысушыларды даярлау инфрақұрылымын қалыптастыру, білім беру ұйымдарының өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлері қатарынан сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және оларды Worldskills Кazakhstan талаптарына сәйкес оқыту, Қызылорда облысы аумағында таңдалған құзыреті бойынша Worldskills Кazakhstan стандарттарын іске асыру және оқу процесіне WorldSkills стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізуге ерекше назар аударылуда.

Әрі білім алушылардың қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін арттыру, шығармашылық даралығын, белсенділігін, өзіне деген сенімділігін жоғарылату, бәсекеге қабілетті маман етіп тәрбиелеу. Осы мақсаттар өз кезегінде дер уақытында іске асырылып, нәтижелерін көрсетуде. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі және «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзіреттілігі  бойынша Worldskills Кazakhstan чемпионатының облыстық кезеңінің осындай материалдық – техникалық базасы дамыған колледж базасында өткізілуі соның айғағы.

«Worldskills-2021» Ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатындағы 2020 жылдың қыркүйек және 2021 жылдың наурыз айында облыстық чемпионатқа колледж 5 құзіреттілік бойынша қатысып, «Кірпіш қалау», «Дәнекерлеу технологиясы», «Ауылшаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзіреттіліктері бойынша республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл көрсеткіш заманауи жабдықтарды меңгерген болашақ мамандардың еңбегі екені айқын. 

Колледжде алғаш рет WorldSkills Kazakhstan талаптарына сәйкес демонстрациялық емтихан нақты өндіріс процестерін модельдеу жағдайында түлектердің білім, біліктілігін және практикалық дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында WorldSkills Қазақстан стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандары өткізілді. Демонстрациялық емтихан – бұл өңірдегі кәсіпорындар өкілдері арасынан сарапшылардың демо-емтихан тапсырмаларын орындауын тәуелсіз сараптамалық бағалауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау нысаны.

Алғаш рет өткізіліп отырған демонстрациялық емтиханды бітіруші топтың «Дәнекерлеу ісі» мамандығының «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреті, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреті, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының «Кірпіш қалау» құзіреті бойынша 22 білім алушы тапсырды.

Емтихан тапсырушылардың бiлiм сапасын бағалауды Қазалы аграрлы – техникалық колледждiң «Дәнекелеу ісі» құзіреттілігі бойынша «Жылу ХХІ» ЖШС, ЖК «Бекерестанов», ЖК «Прманов», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша «Берік» ТЖО, «Ер Бибі-Болат» ТЖО және «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша «Намыс-Құрылыс ЖШС, «Ерасыл» құрылыс компаниясы сияқты тәжiрибелi әлеуметтiк серiктестерi арасынан таңдалған сарапшылар жүргiзді.

Емтихан тапсырмасы тек практикалық жұмыстардан құралды. Демонстрациялық емтихан «Talap» КЕАҚ бекіткен бағалау құжаттамасына сәйкес құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық парақ, бағалау критерийлері және емтихан тапсырмалары бойынша бағаланды. Демонстрациялық емтиханды өткізу үшін оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, кәсіпорындардан сарапшылар, сарапшылар-ұйымдастырушылар, техникалық сарапшылар тағайындалады. Олар EDUWSK электронды жүйесінде тіркелген. «Жас маман» жобасымен жабдықталған колледж ұжымы бәсекеге қабілетті маман даярлауда аянбай еңбек ете береді.

Арман Қонысбайұлы МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы- техникалық колледжі

директоры, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий