Студент жастардың қазіргі қоғамдағы орны мен ролі

Елімізді әлеуеті жоғары мемлекет ретінде дамытуда азаматтық қоғамды одан әрі қарай қалыптастырудың маңызы зор. Бұл мақсатта Қазақстанда түрлі-түрлі мемлекеттік емес бірлестіктер, азаматтық қоғам институттары мен  жастар ұйымдары жұмыс атқарады. Ал, өз кезегінде кез-келген жастар ұйымының құрылуы, ең алдымен олардың белсенділіктерін арттыруды көздейтіні сөзсіз. Осы бағытта атқарылған жұмыстар да жетерлік. Соның бірі еліміздегі бірден-бір алдыңғы қатарлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі студент жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар.

????????????????????????????????????

Қазіргі таңда әлемнің барлық елі университеттерін дамыту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелерімен айналысуда. Университетті әлемдік деңгейге жеткізудің негізгі бағыттарының бірі ғылым мен білім беружегі инновацияны дамыту. Жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инновациялық инфрақұрылымның толық циклын құру қазіргі ғылым мен инновацияның дамуына айтарлықтай әсер етеді.  Міне осы тұрғыдан келгенде, әлемнің үздік университеттерінің QS халықаралық рейтингіндегі қазақстандық ЖОО саны 10-ға дейін өсті.

Times Higher Education рейтингіне алғаш рет екі қазақстандық жоғары оқу орны кірді. Жоғары білім алуға қол жеткізу соңғы жылдары айтарлықтай кеңейе түсті. Мемлекеттік білім беру гранттарының саны артуда. Орта білім беру сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру үшін ҰБТ екі кезеңге бөлінді: мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтиханы. 2019 жылдан бастап ҰБТ ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін жылына 4 рет өткізіліа келеді.

Жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама тетігі ретінде негізгі немесе қайта тестілеу нәтижелері бойынша шекті деңгейден өтпеген талапкерлер үшін ЖОО-ға «шартты түрде қабылдау» жүйесі енгізілді. Мұның бәрі білім және ғылымға бет бұрған жастарғы мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіншілік деп айтуға болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кезінде студент оқытудың бес нәтижесін көрсетуі тиіс: оқып жатқан саласындағы білім және түсінік;  кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және проблемаларды шешу; ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру; ақпаратты, идеяларды, шешімдерді хабарлау; оқуды өз бетінше жалғастыру дағдысы.

Қазіргідей жаhандану жағдайы әлемнің ешбір мемлекетін айналып өтпейді. Ал, одан шығудың жолы  – ел экономикасын іргелендіріп, бәсекелестікке төтеп беретін шынайы ғылым мен білім саласының жаңа форматтағы инновациялық тың тәсілдерін игеруіміз керек. Ия, сол себепті бәсекеге қабілеттілік университеттерге тән негізгі үрдістің бірі болып табылады. Мысал ретінде айтар болсақ, білім беру жүйесінде ЖОО-ының күшті жақтары SWOT-талдауда төмендегі шарттарға сай болуы қажет.

Педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету; білім беру мазмұнын жаңарту; жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізу;  Болон процесіне мүшелік; «Болашақ» бағдарламасы және тағысын-тағылар; ЖОО-лардың академиялық еркіндігін кеңейту; көптілді білім беру;  академиялық ұтқырлық және шетелдік топ-менеджерлер мен ғалымдарды тарту бағдарламасын мемлекеттің қаржыландыруы;  кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі; ЖОО-ларда қос дипломды білім беру бағдарламаларының болуы; қабылданатын шешімдердің айқындылығы;  ғылыми деректер базаларына жазылудың болуы.

Қазіргі таңда Қазақстандағы ЖОО-ның сапа саласындағы саясаты университетті басқарудың ажырамас элементі және оның білім беру қызметін жоспарлаудың негізі болып отыр. Білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметі университеттің стратегиялық жоспарына, миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сол себепті білім сапасының маңыздылығын мойындай отырып және сапа саласындағы саясат пен стратегияны басшылыққа алып, университеттің сапа менеджменті жүйесіне негізделген білім сапасы кепілдігінің ішкі жүйесін үздіксіз жетілдіреді.

Сапаны басқарудың қалыптасқан жүйесі жоғары оқу орнының үрдістерін тұрақты жақсартудың негізі. Яғни, бұл білім беру сапасы мен басқа да қызмет түрлерін жақсарту университет стратегиясын іске асыруға бағытталған. Университеттер өзінің саясатын жүзеге асыру үшін білім беруде, тәрбие процесін және ғылыми-зерттеу қызметін тұрақты жақсарту негізінде жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынып, жағдай жасап, жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясын қалыптастырып келеді.

Білім беру мен тәрбие үдерісінде өз үлесі мен оның сапасын арттыру үшін университет төмендегі мақсаттарға ден қойып жатыр: түлектердің жұмысқа орналасуын бақылауға; жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектердің жалпы санының үлесін арттыруға; білім беру қызметтерінің түрлерін кеңейту, жаңа білім беру технологияларын пайдалану, олардың қол жетімділігін қамтамасыз етуге; тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын білім беру қызметтерін көрсетуге және тағы да басқа.

Соңғы уақыттарда мамандық студенттері студенттік ректорат, деканаттар және жастар комитеті арқылы білм беру процесіне белсенді түрде тартылуда. Студенттердің пікірлері оқу жоспарларының вариативті бөлімінің пәндерін таңдау барысында ескеріледі.  Оқу топтарының эдвайзерлері жүйелі түрде білім алушылармен жиналыс өткізеді, студенттер университетте оқу үдерісін жақсарту туралы пікірлер айта алады (сауалнама, әңгімелесу, студенттердің пән туралы пікірлері мен тілектері).

Студенттердің жеке дайындығын күшейту үшін пәндер бойынша барлық ақпарат университеттің сайтында және ішкі ресурстарында электронды түрде беріліп отырады. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары аясында жоғары оқу орындарына халықаралық стандартталған SAT, ACT, GMAT, GRE сертификаты негізінде ҰБТ-мен, кешенді тестілеумен және магистратура мен докторантураға түсу емтихандарымен бірдей баламалы қабылдау тетігі енгізілетін болады.

Мұнымен қоса, талапкерлердің білім деңгейі мен олардың отбасы табыстарын ескере отырып, гранттар беру моделін жетілдіруді жоспарлау; әрбір студенттің онлайн-курстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарын «Қазақстанның ашық университеті» платформасына қосу жұмысы жандандырылатын болады. Олардың сапасын қамтамасыз ету бойынша тетіктерді әзірлей отырып, прокторинг және қашықтық технологиялар элементтерімен онлайн оқытуды кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылады.

Жастар – еліміздің тірегі және болашағы. Жас ұрпақтың басты міндеті – өздері дүниеге келген елдің лайықты азаматтары болу. Өсу жолына түскен адам әрдайым өзін-өзі анықтау мәселесіне тап болады. Ол өзін және өз жолын табуға тырысады. Осыған сүйене отырып, уақыт өте келе ол қоғамда қандай рөл ойнайтынын түсінеді. Әр адам өз елін жақсартуды және адамдарға көмектесуді өзінің мақсатына айналдыруы керек. Бұл мемлекетті нығайтуға және жақсартуға көмектеседі.

Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтік рөлі – қалыптасқан стандарттардың дамуы және өзгеруімен тікелей байланысты. Аға ұрпақ негізінен консервативті. Адамдар өздерінің техникалық жабдықтарын да, көзқарастарын да өзгерткілері келмейді. Жастар өзгерісті табиғи және өте қисынды нәрсе ретінде қабылдайды. Университеттің студенттері жаңа білім алғанына қуанышты және оны іс-жүзінде қолдануға асығады. Өз біліктіліктерін арттыру – жас ұрпақтың шынайы мақсаты.

Әр азамат өзін-өзі тануға, әлемге жаңа нәрсе әкелуге, бір нәрсе ойлап табуға немесе бір нәрсені жақсартуға ұмтылады. Мемлекетті құраушы тұлға – халық. Бұл ата заңымызда айқын көрініс тапқан. Сол халықтың ізін жалғап, ісін жандандыратын – оның ұрпағы. Жоғарыда келтірілген мәліметтер және еліміздегі университеттердің ғылым мен білім беру даму деңгейі, заманауи сапа стандарттары, үздіксіз оқытудың көп деңгейлі моделі, ғылыми зерттеулер, іргелі білім, инновациялық тәсілдер, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру – зерттеу дағдылары бар жаңа формация мамандарын даярлау арқылы көп салалы классикалық білім беру саласында өңірлік көшбасшылықты қамтамасыз етеді.

Бұл көп жағдайда бағдарламаның білім беру форматына негізделген, яғни студенттердің алған білім беру нәтижелері ҚР МЖБС-на, қоғамның заманауи қажеттіліктеріне сәйкес келетініне, сондай-ақ жұмыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыратынына сенімдіміз.

Әбдіманат Әбдіразақұлы ЖОЛДАСБЕКОВ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан
униерситетінің профессоры, педагогика
ғылымдарының докторы, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий