Қазақ тілі мен әдебиетіндегі диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Мен, Қостанай қаласында тұрамын. Біздің аймақта көптеген жылдар бойына қазақ тілін дамыту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, әлі күнге дейін тіл мәселесі біздің өңір үшін түбегейлі шешілмеген, алғашқы орындарда тұрған проблемалардың бірі болып қала беруде. Себебі, бұл мәселе, ең біріншіден, отбасы және мектеп шешуі қажет болып тұр.

Оқушымен жұмыс жасауда ғана емес, оларға көмек көрсетіп, қол ұшын беретін жанашырлары, ата-аналармен жұмыс жасау керек. Осындай оқушылар мен ата-аналарға ең бірінші көмек көрсететін ұстаздар қауымы, тіл мамандары деп білемін. Диалог барысында оқушылар сыни ойлауға, қолдағы бар ақпаратты қолдана отырып, нақты жағдаяты талдау арқылы пікірлерді салыстыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.

«Диалогтік әдістер» қолданылған сабақтарда оқушылар көбірек ойланып, жиірек сұхбаттасады, ойлау және сөйлеу мәдениеттерін белсенді түрде қалыптастырады. Нәтижесінде оқушылар жаңа білім алады, оны тәжірибеде қолдануды үйренеді. Мысалы, топтық жұмыс барысында оқушылар сұхбаттасу кезінде өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға дағдыланады. Класстер құру тапсырмасы берілген кезде оқушылар арасында диалог қызу түрде жүреді.

Зерттеушілік жұмыс барысында топтағы оқушылардың әрбіреуі өз пікірін айтып, класстерді қорғау жоспарын жасайды. Бірігіп жасалған жұмыс нәтижесін көрсететін «оқушы-оқушы» диалогі пайда болады. Оқыту диалогінде бір ғана көшбасшы болады. Ол – мұғалім. Ал оқушылар диалогінде көшбасшылық оқушыдан оқушыға ауысып отырады, кейде ол мұғалімнен оқушыға да ауысып отыруы мүмкін.

Диалог сабақта басты орын алады. Сондықтан менің әдістемелік тақырыбымда диалог маңызды рөл атқарады. Сыныптағы диалог оқушылардың зияткерлік дамуына және олардың оқудағы нәтижесіне ықпал етеді. Диалогтік оқытудың арқасында серіктестік қалыптасады. Сондықтан диалог арқылы оқыту, әрине, мектеп оқушыларын өз оқуларына тартудың маңызды құралы болып табылады деп ойлаймын. 

Диалогтік оқыту негізінде өзара сыйластық, сенім, шынайылық, ашықтық жатыр, оның басты құралы – өзара байланыс -диалогтік өзара түсінісу, өзара ашу, өзара нақтылау, өзара даму. Қорыта келгенде, мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнатылса, сабақта сыни тұрғысынан ойландырылатын тапсырмалар берілсе, жаңа әдіс-тәсілдер көбірек қолданылса сабақ өз дәрежесінде өтіледі деп ойлаймын.

Алмаш Мылтыкбаевна НУРЖАНОВА,
№19 жалпы білім беретін мектептің
педагог-зерттеушісі, Қостанай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий