Мектептердегі білім беру сапасын арттырудың жайы

Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.

Халықаралық зерттеу-білім беру саласындағы себеп-салдарлық байланыстар туралы ақпарат алу. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. PISA зерттеуі өткізілетін әрбір аймақта облыстық үйлестірушілер тағайындалады.

Үйлестірушілердің мiндеттерi – бекітілген кестеге сәйкес өз аймағында зерттеудің өтуін қамтамасыз ету, зерттеу материалдарын білім беру ұйымдарына дейін жеткізу, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру ұйымының үйлестірушісімен және тест өткiзушi тұлғамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.

Зерттеуге қатысатын әрбір білім беру ұйымында 15 жастағы оқушылардың тізімін жасау үшін және зерттеуді ұйымдастырып, өткізу үшін білім беру ұйымының үйлестірушілері жұмыс атқарады. Сонымен қатар тест аяқталған соң зерттеу құралдарын Ұлттық орталыққа жөнелту де білім беру ұйымдары үйлестірушілерінің міндетіне жатады.

Зерттеудің көздеген негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби деңгейін, мектептегі жалпы жағдай мен көшбасшылық деңгейін бағалау. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері мектеп мұғалімдері мен директорларына ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Кездейсоқ іріктеме әдісі арқылы еліміздің 16 өңірінен таңдалған орта мектеп мұғалімері мен директорлары (5-9 сыныптар) TALIS-2018 сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Сауалнама нәтижесінде алынған қорытындылар шетелдік әріптестерімен салыстыра келгенде қазақстандық мектеп мұғалімдері мен директорларының әлсіз тұстарын анықтауға, орта білім беру ұйымдарындағы оқыту мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған саясатты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу қорытындылары еліміздегі педагогикалық корпусты жақсарту бойынша нұсқаулықтарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Келесі PISA-2022 халықаралық зерттеуі математикалық сауаттылық бойынша жүргізіледі.

Аманкуль ЕСМЫРЗАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы
бойынша Кәсіби даму институты»
аға оқытушысы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий