Ахмет Байтұрсынұлының қазақ қоғамындағы қайраткерлік қызметіне халықтың құрметі

Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуы негізінде қазақ жазуына реформа жасап, миллиондаған қазақтардың оны қолдануына мүмкіндік берді.

Қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің барлығынан арылып, қазақ тіліне тән дыбыстарға сай әріптерді қосты. «Жаңа емле» деп аталатын жаңа әліпбиді Қытай, Ауғанстан, Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін қолданады. 1917 жылдан бастап Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.

Ол – ең бірінші, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.

Алаш арысының мерейтойына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жоғары математика» кафедрасы 1-курс студенттері арасында «Менің ұстазым» атты аймақтық эссе байқауын өткізді. Байқауға қаламыздың жоғары оқу орындарының, атап айтқанда: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Қарағанды медициналық университетінің және А.Сағынов атындағы Қарағанды технкалық университетінің студенттері қатысты.

Байқауға қатысқан студенттер саны отыз. Негізгі мақсат: халқымызға еңбегі сіңген ұлы тұлғаларымызды дәріптеу, ұстаздардың қоғамдағы рөлін көтеру, жастардың шығармашылық қабылетін арттыру және сауаттылық дәрежесін көтеру. Өз жұмыстарында студенттер ұстазға деген ыстық ықыластарын, ұстаздың мамандық таңдауға деген көмегін және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қосқан үлестерін атап өткен.

Қортындысы кезеңде үздіктер 1-дәрежелі, ІІ-дәрежелі, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Батырбеков Адильхан–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Жұмахан Айғаным–Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті; Балабон Юрий Евгеньевич–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Алакаева Сара Бейбитовна–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Манапова Улпан Русланқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Тлеуғабылова Аружан Бауыржанқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Бекмаганбет Индира Болатбекқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Мухаметов Михаил Александрович–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Қалысова Гүлназ Сағадулақызы–Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті; Жунусова Дилназ–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Кайыркен Анар–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.

Жанар ТУЛЕУТАЕВА,
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
университетіндегі жоғары математика
кафедрасының аға оқытушысы, қолданбалы
математика магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий