Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы

“Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер”, – дейді алаш ақыны, ағартушы – педагог Мағжан Жұмабаев. Тәрбие  арқылы адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып қалыптасатынын, елдің  берік тірегі  болатынын  көрсетеді. Тәрбие – қашан да отбасынан басталады. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор.

Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі  болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде», – деп бағалағандықтан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол – әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді сыйлау, тағы сондай сияқты. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыпттасады.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар. Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік – отбасы болса, екіншісі, алтын ұя – мектеп.

Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс -әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері.

Бала ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа, адалдыққа баулып өсіруі шарт.

Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата – ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата – ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйіміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші.

Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр.

Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емесе, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікте тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды.

Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болды. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы.

Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектепке оқуға береді. Оқушылардың ұлыттық тәрбие алу мен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Ата-ана мектеппен  байланысын  күшейтуі  арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы  жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ал, ата-ана мен ұстаздар  арасындағы  қарым-қатынасынан  мықты нәтиже болары анық.

Бар әдемілік пен әдептілікті бойына  жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан  жеке тұлға қалыптастыратынымыз анық.

Жазира Мусабековна ЕСПАЕВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназиясы директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қызылорда облысындағы
Қармақшы ауданының Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий