Ғылыми зерттеу орталығы

Биыл жасампаз жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің дүниеге (28. 09. 1897 – 27. 06. 1961 ж.ж) келгеніне 125 жыл. Мұхтар Омарханұлын халықаралық қауымдастыққа қайталанбас қолтаңбасы бар қабырғалы қаламгер ретінде танытқан әрине «Абай жолы» төрт томдық роман-эпопеясы болатын.

Әлем жұртшылығының 116 тіліне аударылған құнды кітаптың әйгілі авторының шығармашылық әлеуетін жоғары бағалаған кеңес өкіметі реалистік көзқарасты алты құрлыққа танытқаны үшін ең жоғары сыйлықтың лауреаты атағын берді. Ұлттық ерекшеліктерімізді ұлықтау арқылы филология ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан ғылым академиясының академигі әрі елімізге еңбек сіңірген ғылым қайраткері атанған ол азаттықты аңсаған алаш арыстарының қажырлы қызметі мен ел билеген хандарымыздың бұғауға бағынбаған қарсылықты күресін тәуелсіздіктің талаптары тұрғысында әділ бағалаған зерттеулерінің нәтижесінде талай мәрте қуғынға ұшырап, бар болғаны алпыс үш жас ғұмыр кешті.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Дария Қожамжарованың бастамасымен осы жоғары оқу орнының базасында 2018 жылы замана заңғарының қиын кезеңдегі биік болмысы мен бірегей бітіміне қоса тағдырлы тұлғасын жан-жақты зерделейтін арнайы ғылыми зерттеу орталығы құрылғанын білеміз.

Қазіргі кезде бұл орталықта қалам иесінің көзі тірісінде пайдаланған түрлі тұрмыстық бұйымдары мен естелік белгілер, қолжазбалары мен құжат көшірмелері және тағы да басқа көптеген құнды дүниелер ұрпақтарының рұқсатымен арнайы көрмеге қойылған. Орталықтың кәсіби қызметкерлері мен арнайы мамандар түрлі тақырыптағы іргелі ізденістерін жаңа заманға сай ілгері дамыту арқылы, бұрыннан қалыптасқан мол мұраны байыта бастағанын тағы қосыңыз.

Алдыңғы аға буын өкілдері бастап берген ғылыми зерттеулерді жас оқытушылардың жалғастырғаны сәтті сабақтастық. Мұхтар Әуезовтың көп қырлы қарым қабілеті мен парасатты пайымдағы үлгі ұстанымдары бойынша бір жүйеге келтірілген нәтижелерден студенттер дәріс алуда.

– Бұл бірегей орталық осыдан төрт жыл бұрын университетіміздің 75 жылдық мерейтойының құрметіне ректордың бастамасы бойынша жаңадан құрылды. Ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар шақырылып, ұлы жазушының перзенті, еліміздің танымал азаматы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов жиені  Диар Асқарұлы Қонаев және тағы да басқа ет жақын туыстары арнайы қатысқан болатын.

Әсем безендірілген үлкен залдағы тоғыз сөреге қабырғалы қаламгер әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлының ұл-қыздары және басқа да жанашыр жандар табыстаған қымбат жәбігерлер қойылған. Ең бастысы келушілер елу томдық жинағымен толық танысып, данышпан ғұлама хакім Абай Құнанбаевтың ұрпақтарына байланысты орталық қызметкерлерінің жүйелі жұмыстарының негізінде Шымкент қаласындағы Абай ұрпақтарының есімдері мен туған жылдарын жазып, ұмытылмас белгі түрінде қойылған ескерткіш мәрмәртас табылған болатын.

Бұл мемориалды тақта соңғы жылдары табылған тың мәліметтердің бірі де бірегейі ретінде бағаланып, зиялы қауым өкілдері университет басшысы Дария Пернешқызының еңбегіне ризашылықтарын айтуда, – дейді осы орталықтың маманы, жас ғалым Әзімхан Исабек.

Нұрлан әл-ШАБАНИ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий