Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналыса отырып тұлғаның ағзасын үйлесімді дамыту

Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР ҒА академигі  Ғабит Мүсірепов «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе» дегендей қазіргі болашақ педагог білім алушылар  өз мамандығын жақсы меңгеруіне өте көп көңіл бөлуі қажет.Білім алушылардың  дене және функционалды дайындығын дамыту әдістеріне іскерлікпен көңіл бөлу, оның болашақ жақсы маман болып қалыптасуына негіз болады.

Дене тәрбиесі жүйесі жан-жақты шыныққан, жұмыс қабілеті жоғары үйлесімді дамыған білім алушыларды тәрбиелейді Оқу барысында білім алушылар өздерінің ұнатқан спорты түрінен кем дегенде бірінші дәрежелі көрсеткіші және төреші бола алу  керек. Колледжде  арнайы дене дайындығы мен функционалды дайындығының  бiлiмдiк тиiмдiлiгi, дeнe тәрбиесіне eнгiзiлуi, eрiк-күшi мeн бaсқa дa психoлoгиялық сaпaлaрын тәрбиeлeу, дeнсaулықты нығaйту тәсiлiнiң сaуықтыру тиiмдiлiгi мeн жaстaрды дeнe тәрбиeсi жаттығуларына бағыттау болып табылады.

Әлемге әйгілі педогог және жазушы Антон Макаренко : «Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек» – деген екен. Жалпы денені дамытатын жаттығулар бұлшық еттердің жекелеген топтарын дамыту және нығайту, тұлғаны дұрыс қалыптастыру мақсатында қолданылады.

Жаттығу организмге жалпы физиологиялық ықпал жасайды және қозғалыстарды үйлестіруді, кеңістікте бағдарлай білуді жетілдіруге көмектеседі. Ол жаттығулар жалаушалар, таяқшалар, дөңгелек құрсаулар, ленталар және тағы да басқа құралдармен және құралдарсыз  орындалады. Болашақ педагогтар  жалпы дамыту жаттығуларын күнделікті жасау арқылы организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық дайындығын  күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді.

«Әйнек арқылы көрсету…» әдісі арқылы РНА-101 тобы білім алушылары  жалпы дамыту жаттығуларын әр сабақ сайын орындайды.Осы жаттығулар арқылы шыдамдылық, жылдамдық, ептілік, адамгершілік қасиеттерін дамытып қана қоймай , ағзаға жақсы әсер ететіндігін айқындай түседі деп айтады топ спорт секторы Құрылыс Демежан. Aдaмның сaлaуaтты өмiр сaлты қoзғaлыс бeлсeндiлiгiмeн тығыз бaйлaнысыты екені сөзсiз. Тaбиғaт өскeлeң ұрпaққa қoзғaлу қaжeттiлiгiн сыйлaғaн дeп aйтуғa бoлaды.

Қорыта келе колледж білім алушылары үздіксіз дене тәрбиесімен айналысуға дeнe жүктeмeлeрiнiң aдaм aғзaсынa пaйдaсы мeн қaншaлықты әсeр eтeтiнiн oсы дeнe тәрбиeсi сабағына қатысып бiлiмi aрқылы дәріптей отырып дене тәрбиесі пәнінің мәні мен мағынасын түсінеді.

Гульмира Турдиевна ТУРСУНБАЕВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның

үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий