Еңбегі елдің есінде: Жан жылуымен жүректерді жаулаған

Есімі аймақтағы білім беру жүйесіндегі көптеген маңызды оқиғалармен байланысты дана ұстаз және тәлімгер Жаркенов Кәрімбай өмірден озды. Мұғалім болу, өз өмірін бала тәрбиесімен мәңгілікке байланыстыру, өзін осы қиын, бірақ асыл еңбекке толығымен арнау туралы шешімді жанашыр, шығармашылық және мейірімді адамдар қабылдайды. Дәл осындай адамды Кәрімбай Жаркенұлы деп атауға болады.

Ол 1936 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданы Бұлқұлдақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Урицкий (Сарыкөл) ауданының Қараоба орта мектебін аяқтаған. Қазақстан зиялылар білім ордасында ол сол кездегі ең жақсы білім алды. Сол жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының қазақ тілі, әдебиеті және тарихы факультетіне оқуға түсті.

Институтты бітіргеннен кейін Қостанай облысының Қарасу орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа жіберілді. Көптеген жылдар бойы осы білім ордасының директоры қызметі абыроймен адал атқарды. 1975 жылы Қарасу аудандық білім бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалды. Осы лауазымдағы он жылда барлық күш-жігері мен ақыл-ойын, қарымды қабілетін жергілікті ағарту саласын мақсатты түрде дамыта отырып, істі бағындыра білді.

Жауапты міндетін біліктілікпен жүргізуінің нәтижесінде 25 білім беру нысаны – заманауи үлгілік мектептер, бөбекжайлар, еңбекке баулу кешендерінің салынуа бастамашы болып, бұл ғимараттар ел игілігі үшін тиімді пайдаланылған еді. Ұтымды ұйымдастырушы ретінде ол кадрларға ілтипатпен қарады, спортқа, көркемөнерпаздарға, балалардың техникалық шығармашылығына көп көңіл бөлді.

Ауданда ол қолдаған жас техниктер станциясы белсенді жұмыс істеді, станция негізінде аудан мектептерінде техникалық үйірмелердің филиалдары ашылды. Бұл осы ауданның облыстық деңгейдегі көрмелердің көшбасшысы болуға мүмкіндік берді. Кейіннен ол облыс орталығына көшіп келіп, өңірдегі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында басшы кадрлар кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Оның «Егер біз болмасақ, онда кім?» педагогикалық ұстанымы болған. Көптеген бағалы бастамалардың жол салушысы болды. Ең бастысы оның ерекше қолдауы және белсенді қатысуымен Қостанайда мемлекеттік тілде білім беретін алғашқы білім шаңырағы қазір С. Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы ашылды. 1989 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының директорылығына тағайындалып, осы қызметте он бес жылға жуық жемісті жұмыс істеді.

Жауапкершілік, қарапайымдылық, айналасындағыларға деген құрмет, тектілік пен адалдық оған әріптестерінің арасында сөзсіз беделге ие болуға көмектесті. Мектеп-интернаттың ұйымшыл ұжымы республика оқушыларының қазақ халқының тілі мен мәдениетін білуге арналған алғашқы байқауына дайындық кезінде белсенді қатысты. Нәтижелер елдің бүкіл педагогикалық қауымдастығы үшін күтпеген жәй болды.

Облыстағы оқушылар, ұстаздарға қоса тәлімгерлер, олардың арасында әртістер де, ақсақалдар да қазақ халқының тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетін ұлтжандылардың қатарынан көрінді. Кәрім Жаркенұлы өзіне тән ынта-жігермен қаражат болмаған қиын кезеңдерде қазақ-түрік интернатын құруға көмектесті. Интернат директорлары жаңа оқу орнын қажетті құрылғылармен жабдықтады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында К. Жаркенов сияқты отандық педагогика саласының мықты мамандары сол кездегі ауыртпалықтарға қарамастан, сапалы білім беру-жаңа мемлекеттілік пен елдің табыстарының негізі екенін шынайы сезіммен жете түсінді. Бұл жаңа бизнес ұйымдастыруға немесе тәртіп орнатуға тура келетін жерде таптырмас нәрсе болды. Тамаша ұйымдастырушы және жауапты басшы Кәрім Жаркенұлы адамдарды жоғары бағалап, олардың кәсібилігіне сенетін.

1996 жылы ардагер аға буын өкілі, зейнеткерлікке шықса да әріптестері мен жұртшылықтың өтінішіне сәйкес көптеген жылдар бойы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – интернатты біліктілікпен басқарған еді. Құрметті еңбек демалысында жүрсе де балалар үйінде директордың мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі орынбасары қызметін жаңашылдықпен жалғастырғаны жерлестерінің жадында. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Владислав Каев өз шығармасында естеліктерімен былайша бөлісті:

– Ол ең жақсы мұғалім, жақсы адам және балалар үйінің балаларының досы. Күн сайын Кәрімбай Жаркенұлы біздің топқа келетін. Біреуді міндетті түрде мақтайтын, ал біреуге кеңес беретін. Ол әрқашан біз үшін сүйікті қонақ. Қадірменді азамат әрқашан әр қайсымыз үшін жақсы сөз табатын. Бізбен әке, ата сияқты сөйлесетін. Оның жанында жалғыз емес екеніңді, қасыңда қамқоршы барын сезінесің. Оның жақсы жан адам екенін білесің. Оның жүрегінде бәріне орын бар».

Өмір жолында Кәрім Жаркенұлымен кездескендердің бәрі оның ойларымен келісетін. Парасатты педагог, білікті басшы ерен еңбек жолында тың және тыңайған жерлерді игергені үшін медальдарымен, В. И. Лениннің 100 жылдығына орай, Ыбырай Алтынсарин белгісімен, Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі, 1998 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған.

Кәрім Жаркенұлы – қамқор әке және жақсы ұқыпты отағасы ретінде зайыбы Зейнеп Темірғалиқызымен бірге жарты ғасырдан астам өмір сүрген. Жаркенов Кәрімнің отбасы мен туған-туыс жақындарының қазасына ортақтасып, щын жүректен көңіл айтамыз. Ол өзінің балалары мен немерелерінің, оны керемет тәрбиеші және кеңпейіл, мейірімді жаны ретінде бағалай білетіндердің есінде мәңгі қалатынына сенімдіміз.

Қостанай облыстық білім басқармасының
ұжымы, білім бөлімдері мен білім беру
ұйымдарының басшылары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий